Қала маңы тасымалы қайта қосылды

Жаңалықтар
17.02.2017, 12:30
Жаңа жылдың басынан бастап «Жамбыл – Шу» бағытындағы қала маңы тасымалы қалпына келтірілді. Облыс әкімдігінің әлеуметтік тапсырысы аясында іске қосылған бағыт үшін жергілікті бюджеттен 40 миллион теңге бөлініп отыр. Тапсырыс беруші облыс әкімдігі болса, орындаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ еншілес «Eurasian trade company» ЖШС. Қазір «Жамбыл – Шу» бағытында қала маңы тасымалы аптасына үш рет қатынайды. Яғни, сенбі, жексенбі, дүйсенбі күндері жүреді. Пойыз Шу станциясында жасақталып, таңғы 07.00-де Жамбылды бетке алып, сағат 11.12-де облыс орталығында болса, кері уақыты 14.39-да Шуға бағыт алып, 16.41-де Шуда болады. Билеттің бағасы да қолжетімді. Тараздан Луговой станциясына дейін  215 теңге, ал Шуға дейін  429 теңге. –Осы бағыт іске қосылғалы 331 өңір тұрғынынан ризашылығын білдірген хат алып отырмыз. Енді аймақ тұрғындары бұл бағыт аптасына жеті күн жүрсе деген тілек айтады. Сондай-ақ тұрғындар «Жамбыл – Шу» бағытындағы пойыздың Тараз бен Шу аралығындағы Қорағаты, Тәтті станцияларына да тоқтаса деген өтініштерін жеткізуде. Әрине, сонау Шудан облыс орталығына келетін азаматтар пойыздың жұмыс уақытына ыңғайлы болса деген тілектерін де жеткізіп отыр. Өйткені, тұрғындар үшін таңғы 05.00-де Шудан шыққан пойыз 09.00-де Таразда болғаны ыңғайлы. Сондай-ақ, кешкілік Тараздан Шуға пойыз 17.00-де шықса дейді олар. Өзіңіз білесіз Меркі ауданындағы Қарасу ауылы болат жолдың бойына орналасқан. Ауылда елу шақты отбасы тұрады. Және осында күзетілетін темір жол өткелі бар. Тұрғындар жоғарыдағы пойыз осы өткелге де аялдаса дейді. Біз бүгінде облыс тұрғындарының осы өтініштерін жергілікті билікке жеткізіп отырмыз. Бағыттың іске қосылғанына екі ай өтті. Амандық болса, алдағы уақытта облыс әкімдігі жоғарыда айтып өткен тұрғындардың өтініштерін қанағаттандырады деген сенімдемін, – дейді «Eurasian trade company» ЖШС директорының орынбасары Назира Майлыбаева.

Ерман ӘБДИЕВ, Жамбыл

Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды