Қырағылық – кәсіби дағды
Қызылорда вагон пайдалану депосының вагон қараушы-жөндеушісі Болатбек Күзебаев кәсіби дағдысына айналған қырағылығының арқасында көзге көрінер-көрінбес ақауды анықтап, тағы бір орын алуы ықтимал апаттың алдын алды.
Бекетке 19:24 сағатта келіп тоқтаған жүк құрамына техникалық қызмет көрсету кезінде арбаның құйма бүйір рамасының ішкі жағынан ұзындығы 250 мм болатын жарықшақты анықтап, кәсіби міндетіне адалдығын тағы бір дәлелдеген маман қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуына өз үлесін қосты. Әрине, жігіт ағасы үшін бұл тіпті де ерлік емес, әр вагоншының кәсіби міндеті. Жылжымалы құрамның қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда әр теміржолшы өз жұмысына осылай адалдық танытса, ақау-апат деген мүлде болмас па еді деген ой келеді…
Ақпан айының ақ түтек боранды бір суық күні таңғы сағат тоғызда ауысымды қабылдап алған Қызылорда вагон пайдалану депосының вагон қараушы-жөндеушісі Болатбек Күзебаев он жылдан бергі дағдысы бойынша кәсіби міндетіне кірісіп кеткен. Станцияға тоқтаған жылжымалы құрамдарды «қауіпсіздік аралында» күтіп алып, құрамнан естілетін тосын дыбыс пен шайқатылып келетін вагондарды бір мезетте қарайтын үрдісімен Болатбек бұл күні де бар ынтасы мен зейінін жұмысқа салған еді, тосын оқиғасыз түс ауды. Жұмыс ырғағы бірқалыпты өтіп, кешкі ауысым тапсырар уақыт та таяған болатын. Міне, түтіні будақтап көрінген №2828 жүк құрамасын күтіп алуға шықты. Станцияның 7-жолына 19:24 сағатта келіп тоқтаған жүк құрамына техникалық қызмет көрсету бас жағынан екінші №53030391 ашық вагонға келгенде кідірді, бас қаруы қырағылыққа айналған кәнігі вагоншыға жүріс бағытынан бірінші арбаның құйма бүйір рамасының дыбысы күдікті көрінді, әлде интуиция ма, кім білсін, зер сала қараған ол, ішкі жағынан ұзындығы 250 мм болатын жарықты анықтайды.
–Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап вагондардың бүйір рамасын тексеру айлығы қатаң режимде өткізіліп жатыр. Осы айлық нәтижесінде ұжымдағы вагон қараушылармен арнайы пысықтау сабақтары тұрақты өткізіліп, олардың шеберлігін, қырағылығын шыңдау жолдары қарастырылуда, ауысым алды технұсқамалар тәжірибелі мамандар тарапынан қосымша өткізілуде. Болатбек Күзембаев өз кәсіби міндетін адал атқара білді, вагон қараушының көзге көрінбейтін ақауды анықтауы – оның кәсіби шеберлігінің көрінісі деп білеміз және ол мараптқа лайық, – дейді бұл жөнінде пікір білдірген Қызылорда ТҚКҚ бастығы Рүстем Ұзақбаев.
Ал ақауды анықтаған вагон қараушы-жөндеуші болса: «Бекетке кешкі жетіден өте келген жүк құрамасындағы №53030391 жартылай вагонның 5 таңбасымен бедерленген №494 құйма бүйір рамасының ішкі жағына үңілгенімде, көзіме бір нәрсе шалынғандай болды. Қол шамды көзім ілінген нәрсеге бағыттап анықтап тағы қарап, жалаң қолмен сипап көрдім, негізі тексеріс кезінде оң қолымыз доңғалақ жұптарынан бөлінер жылуды сезіну үшін көбіне жалаң жүреді. Көзім алдамаған екен. Жалаң қолға темір сызаты анық сезілді. Өзіме сенімді болу үшін астыңқы жағынан қол шаммен қарағанымда жарық сәулесі бергі бетіне өтті. Енді еш талас жоқ – бұл қауіпті жарық екенін білдім де, жалма-жан ауысымдағы аға вагон қараушы Құрманғазы Хизатовпен серіктесім әрі вагонды арғы бетінен қарап келе жатқан Асылбек Ережеповті рациямен шақырып, бәріміз ақауға қайталай көз жеткізіп барып, бастығымыз Рүстем Ұзақбаевқа, Шалқыма Мекебаевқа, ол өз кезегінде депо бастығы Арғын Орымбаевқа және тиісті инстанцияларды құлағдар еттік. Тиісінше вагон құрамнан ажыратылып, қажетті құжаттамалар жасалып жылжымалы құрамның кестеден кешікпей жөнелтілуіне жұмыс жасадық», – дейді.
Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті