Жаңасемей – жүк станциясы

Жаңалықтар
21.02.2017, 11:34
Оқуға 2 мин
Жаңасемей станциясы – Семей қаласының ғана емес, күллі облыс бойынша өндірістік тұрғыдан аса маңызды саналатын өнеркәсіптік ауданда орын тепкен. Биылғы жылы құрылғанына  тоқсан жыл толатын станция өткен жылды нәтижелі қорытындылады. Үш бағытта қызмет көрсететін 1-ші класты станцияның жүгі жеңіл емес. Бөлімше бойынша жүк тиеу жұмыстарының басым бөлігі осы станцияда атқарылғандықтан, «жүк станциясы» аталуы орынды. Шаһардың сол жағалауында орналасқан «Жаңасемей шпал зауыты» АҚ, «Шығыс Қазақстан ұн-құрама жем комбинаты» АҚ, «Семей ет комбинаты» АҚ, «Семей цемент зауыты» АҚ сынды республика нарығында «алпауыт үлесі» бар алып компанияларға қызмет көрсететін  «жүк станциясының» әлгі кәсіпорындардың бәріне апаратын кірме жолдары бар.  –Өткен жылы жүк тиеу жұмысы 1425565 тоннаға жетті. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 74707 тоннаға артық көрсеткіш. Жоспарлы шаралар артығымен, межеден асыра орындалды. Сол тәрізді негізінен өнеркәсіп шикізаттарынан тұратын жүк түсіру жұмыстары да жыл сайын артып келеді. Алдыңғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1772 вагонға артық жүк түсірдік. Осынау бағыттағы жұмыстарды биыл ширата түсу көзделуде,– дейді Жаңасемей жүк станциясының бастығы Тілеуғали Ибраев. Станциялықтар бұл жетістікке жылжымалы құрам қозғалысын жүйелі түрде реттеп, жұмыстың тиімділігін арттыру нәтижесінде қол жеткізіп отыр. Өндірістегі өнімділікке баса көңіл бөлгендіктен бұл тарапта қадау-қадау шаралар атқарылды. Мәселен, жүк вагондары паркінің жұмысы белгіленген нормативтен шегерілді. Яғни, тәулігіне 60 вагонға азайтылған. Соның есебінен жоспарлы шаралар еселеп, көрсеткіш әр вагон бойынша 3,28 тоннаға артыпты. Оның ішінде транзиттік вагондарды өңдеу 112,1, ал жергілікті вагондарды өңдеу ісі 113,6 пайызға жоғарылады. Жылдың төрт мезгілінде де жүк тиелімі ауқымды, бір сәтке де толас таппайтын станция үшін бұл жетістіктердің маңызы зор. Сондықтан да, биылғы жылы да жүк тиеу мен түсіру, жүк пойыздарын жолға әзірлеу бойынша жаңа техникалық үдерістер игілігіне ден қойылмақ. Осынау қауырт жұмыстарға қарамастан өткен жылы Жаңасемей станциясы бойынша маневрлік қозғалыс, жүк пойыздарын жасақтау және тасымалданатын жүктер қауіпсіздігін сақтауда еңбек тәртібіне бірде-бір мәрте нұқсан келмепті.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті