Ең бағалы байлық
Дегелең – Семей телімінің 270,2 шақырымында орналасқан 4 класты Шаған станциясы кеңес дәуірінде атом бомбасының сынағын жүргізетін әскерилер қалашығы болған деседі.
Іргедегі Семей ядролық полигоны жабылып, ел егемендік алған соң бұл елді мекен теміржолшылар кентіне айналды. Қазіргі күні мұнда тұратын жүзден аса отбасының дені шойын жол саласында еңбек етеді.
Өткен ғасырдың 90-шы жылдары тұралап қалған елді мекенді теміржолшылар аяғынан тұрғызған. Қазіргі күні Шаған кентінің әлеуметтік ахуалын көтеріп тұрған сала темір жол десек қателеспейміз. Бұл пікірмен жергілікті атқарушы билік өкілдері де келіседі. Мәселен, кент әкімі Талғат Құмаровтың айтуынша, Ұлттық компанияның шарапаты аса мол болып тұр. Атап айтсақ, ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығында «20 жылға – 20 жарқын іс» акциясы аясында Ұлттық компания балалардың ойын алаңқайын салып беріп, орталық көшелерге жарық орнатыпты. Одан бергі бес жыл ішінде де теміржолшылар тарапынан көрсетіліп жатқан көмек аз емес. Бір ғана мысал, ауылдағы бірнеше көше мен 8 бірдей көпқабатты үйді ауызсумен қамтып отыр. Және басты ерекшелігі сол, ол үшін шағандықтар ақы төлемейді. Облыс бойынша ауыз су мәселесі өткір тұрғанын ескерсек, бұл елеулі жетістік. Сондықтан, шағандықтар үшін ең бағалы байлық – осы ауыз су.
Қазіргі күні Жаңасемей мен Дегелең аралығындағы станцияларға «Теміржолсу-Павлодар» ЖШС қызмет көрсетеді. Шаған станциясының сушысы Болат Байжұмановтың айтуынша, мұнда тәулік бойы су үзіліссіз беріледі. Тұрғындарды тіршілік нәрімен қамтуда ешқандай іркіліс жоқ. Қызмет көрсету сапасы қалалық жерлермен бірдей.
–Шағандағы су сорғысы «Мөлдір бұлақ» бағдарламасы аясында соңғы жылдары толықтай күрделі жөндеуден өтіп, заманауи талаптарға сай етілді. Автоматтандырылған жүйенің қуаттылығы аса жоғары. Сондықтан кенттегі халықты толығымен сумен қамтимыз. Бір кездері Семей сынақ полигонының өтінде болып, құлазыған құнарсыз далаға айналған өңір үшін бұл ең үлкен әлеуметтік көмек. Бұл Ұлттық компанияның жергілікті тұрғындарға жасаған ең үлкен тартуы болып отыр, халықтың алғысы шексіз, – дейді Болат Байжұманов.
Қазіргі күні табиғаты аса қатаң өңір үшін ауыз су алтынмен пара-пар. Мұндағы теміржолшылар қауымы полигон аумағында тұрғаны үшін мемлекет тарапынан тиесілі әлеуметтік көмектер алады. Әйтседе, әр үйге құбырмен жеткізілген ауыз су соның барлығынан да бағалы саналады. Бұл пікірді станция басшысы Айдос Тоқтаров та қостайды.
–Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында келген таза су Шаған кенті үшін жасалған ең үлкен тарту болды, оның үстіне ол тегін беріледі, – деді ол.
Биылғы күздің соңында су сорғы нысанның аумағы ат шаптырым болатын кең ауласы теміржолшылардың өз күшімен абаттандырылыпты. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы құрметіне Семейден әкелінген 25 дана шырша көшеттері отырғызылған. Бұл бүгінгі күннен ертеңгі буынға арналған естелік болмақ.
Қуаныш ҚОЖАЕВ,
Шаған станциясы
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті