Жолдау жүктеген міндеттер

Жаңалықтар
24.02.2017, 11:35
Оқуға 3 мин
Елбасының биылғы халыққа арнаған жолдауына қатысты кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді теміржолшылар да бастап кетті. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшыларынан құрылған ақпараттық-насихаттық тобы бүгінгі таңда батыс теміржолшыларын аралап, жолдау жүктеген міндеттерді түсіндіруде. Маңғыстау Дүйсенбі  күні түбек темір жолына ат басын тіреген  топ құрамында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясының директоры Жарас Ізғұлов,  «Теміржолсу» АҚ президенті Қуат Есімханов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральдық желі дирекциясының кадр және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі басқарма бастығы Руслан Барбасов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральдық желі дирекциясының қызметкерлері  Аманқос Баймағамбетов пен  Адилбай Семеновтар болды. Мемлекет басшысының  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауына байланысты кең көлемде түсінік берген топ мүшелері, оның ішінде темір жол, көлік саласына байланысты міндеттерге кеңінен тоқталды.   –«Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» деген дана халқымыз. Елбасының халыққа жолдаған жолдауының жүгін қалың ел бірге көтеріссек, алынбайтын қамал жоқ.  Елбасының осы жолғы жолдауында сөз болған үшінші жаңғырудың алға қойып отырғаны –  технологиялық жаңғыруды тездетіп жасау. Тағы бір нақты жоспар –  Қазақстан экономикасы жыл сайын бес пайызға өсіріп отыруға қол жеткізу. Жолдауда аты аталынып, түсі түстелген басымдықтың бірі – Құрық порты.  Болашақта Құрық портын  Қазақстанның ең қуатты халықаралық портына айналдыру мына сіздер мен біздердің міндетіміз, –  деді өз сөзінде Қуат Есімханов. Қарт түбектің халқымен екі-үш сағат мәжіліс құрған  насихаттық топ сапарын әрі қарай жалғастырып, Ақтөбе, Орал, Атырау аймақтарына бет түзеді.

                                                Әсел ТАҢАТАРОВА

Ақтөбе «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы  — Магистральдық  желілер дирекциясының  директоры Жарас Ізғұлов бастаған топты  Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің мәжіліс залына лық толы теміржолшылар қарсы алды. Елбасының өткен айдағы халыққа жолдауының  маңызы, теміржолшыларға артып отырған міндет-мақсаты жайлы кеңінен толғаған Жарас Төкенұлы, Жолдау – БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің мүшесі болған, биыл ауқымды шара EXPO-2017 көрмесі өткізгелі отырған Қазақстандай ел дамуының бағдарламасы деді өз сөзінде. –Біз бір салада еңбек еткен соң, бір бірімізді жақсы түсінеміз, Елбасы тапсырмаларын жүзеге асыру барысында илейтініміз де бір терінің пұшпағы болмақ. Жалпы, жаңғырту шаралары бұрыннан қолға алынып келеді. Жасалған жұмыс аз емес. Жоспар мен жоба одан көп. Ендігі мақсат – жолдауда айтылған жаңғырту жаңашылдықтардың қажеттігін көздейді. Цифрлы Қазақстан бағдарламасы аясында роботтар шығарылу керек. Компьютерлендіру шаралары қолға алынуы қажет, – деген Қуат Есімханов Елбасы жолдауындағы тапсырмаларды орындауда темір жол саласының да рөлі бар екеніне тоқталды.  – Әсіресе, логистика саласын дамыту бойынша, Қазақстан экономикасының күре тамыры темір жолға салмақ  түсетін болады. Контейнерлік тасымал арқылы портқа қатынау, одан басқа мемлекеттерге шығу, халықаралық стандарттарға сай жұмыс істеу керек. Тасымалдан түсетін пайда миллиардтаған долларға жету керек,– деді баяндамашы. Жиын соңында сөз алған Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Мағауия Оразқұлов Елбасы жолдауын теміржолшы қауымға жеткізуге келген астаналық меймандарға көпшілік атынан  алғысын білдірді.

Асқар АҚТІЛЕУ,  Ақтөбе

 
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті