Қатал қыста қайсар мінез танытқандар
Семей вагон пайдалану депосының ұжымын ақпанның ақырған аязы мен бұрқыраған бораны қорқыта алған жоқ. Қыстың үшінші айының алғашқы күндерінен бастап термометр бағаны 25-30 градустан түспей, уақытының көбін далада өткізетін вагоншыларды қатал сынаққа алды.
Оның үстіне биыл үсті-үстіне жауған қалың қар да ұйытқыған боранмен көтеріліп, қайта-қайта жолды жауып, қосымша жұмыс жасауда. Жол бөліміне қатысты барлық мекемелер қармен күреске адам бөліп, телімдер бойын, вокзал мен станция, басқа да тұрмыстық-әкімшілік ғимараттар маңдарын ақ ұлпадан тазартуда. «Қырық градус аязда да жұмыс істеген бізге, 20-25 градус суық қалыпты жағдай, күздің күні десек те болады», – деп күледі аға вагон қараушы Жұмабек Бекбосыновтың ауысымындағы қайсар жігіттер.
Ұзын сапты балғалары мен істік темірлерін алып доңғалақтардан сыр тартып жүрген жігіттердің «бес қаруы сай» көрінеді, үстерінде қалың жұмыс киімі, жылы бәтеңке, биялай, қысқасы табиғаттың қай құқайына да төтеп беретіндерін танытып қарсы беттен соққан желге қасқая қарап жұмыс жасауда. Вагон қараушылар Дәурен Ахатаев, Қайрат Кеңесбеков, Руслан Жакуповтар қатып қалған тығындарды алып, ауа үрлеп, барлық механизмдердің жұмысын қалыпқа келтіріп жатыр. Айтқанға жеңіл, әйтпесе жиырма бес, отыз градус аязда темір жолдың бойында қатып тұрған темір вагондарды айналып, әрбір бөлшек-тетікті түртіп, ақау іздеу оңай емес. Бұл пойыз тоқтап тұрғандағы көрініс, ал ол қозғалысқа түскенде, желдің екпінімен аяздың еселей түсетіні айтпаса да түсінікті. Соның әсерінен кейбір тетіктердің істен шығуы әбден мүмкін. Сондықтан вагонның әрбір бөлшегі асқан кірпияздықпен, мұқият қаралып, жіті тексеруді қажет етеді.
–Аязды күндері әсіресе, тежегіштерге ерекше назар аударылып, соңғы уақыттарда сынуы жиілеп кеткен бүйір рамасы да, үлкейткіш әйнектердің көмегімен жіті қаралады, – дейді аға вагон қараушы Жұмабек Бекбосынов.
Ерлан Ғазез, Семей
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті