Жолдау – үлкен мүмкіндіктер бастауы
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшыларының аймақтарға сапары жалғасуда. Өткен сенбі күні компания жетекшісі Қанат Алпысбаев бастаған топ Ақмола аймағына жұмыс сапарымен барып, өңір теміржолшыларымен бірнеше мәйекті мәселелерді талқыға салған маңызды кездесулер өткізді.
Компания басшылығы Елбасының Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру барысында ақмолалық ұжымды көліктік-логистикалық кешеннің дамуын қамтамасыз етуге, үдерістерді автоматтандыруды жалғастыруға, бизнес-ортаны кеңейтуге және адам капиталын жақсартуға шақырды.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ кешенді міндеттерінде қарастырылған мәселелер қатарында, тасымалды ұйымдастыру және жоспарлауға инновациялардың енгізілуін жалғастыру, сондай-ақ, саланың техникалық және технологиялық қайта жарақтандырылуын межелеу басымдыққа ие екен. Осы мақсатта, бір ай ішінде 2025 жылға дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Техникалық саясатының тұжырымдамасы және ИТ-стратегия жасалынбақ, онда автоматтандыру, сандық және роботтандырылған технологиялар қарастырылған.
Компания басшысының сөзіне қарағанда, темір жол машинақұрастыру өнімдерін экспортқа шығару күтілуде. Бүгінде Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Түркіменстан және Украина нарығына қазақстандық зауыттардың жалпы сомасы 22 млрд-тан астам теңгені құрайтын өнімі шығарылған. Ал 2017-2020 жылдар аралығында жалпы сомасы 502 млрд теңгені құрайтын өнімді экспорттау көзделуде.
Адам әлеуетінің сапасын арттыруға қатысты міндеттер хақында «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы әрбір жүк тасымалы бөлімшесінде ағылшын, қытай, неміс тілдерін жетік меңгерген маман болуы тиіс екенін, себебі, тілсіз логистика жұмыс істемейтінін атап өтті.
Қанат Алпысбаев төрағалық еткен жұмыс жиналысында пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі, вагон паркінің сақталуы, ЭКСПО-2017 көрмесінің өткізілуі күн тәртібіндегі негізгі мәселелер қатарынан орын алды. Сондай-ақ, проблемалық мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары қарастырылды.
Сонымен қатар Ұлттық компания жетекшісі Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Дәурен Әділбековпен кездесіп, аймақтағы тасқын су және оған қарсы теміржолшылар мен билік тарапынан қабылданып жатқан шаралар туралы әңгімелесті.
Облыс әкімдігінде өткен кездесуде Қанат Қалиұлы Ұлттық компания тарапынан қызыл су қаупінің алдын алу бағытында барлық шара қабылданғанын атап өтті. Бүгінде Ақмола өңірінде ағынсуға қарсы төрт пойыз жасақталған. Жергілікті билік өкілі де өз кезегінде, тасқынға қатысты жағдай облыс әкімінің қатаң бақылауында екенін, қазір ағынсуды қауіпсіз өткізіп жіберу үшін көпірлер мен су өткізу имараттарын тазалау жұмыстары, тағысын тағы шаралар атқарылып жатқанын жеткізді.
Нұрбек БЕКЕН
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті