Қыстың соңы, көктемнің басы...

Жаңалықтар
28.02.2017, 13:03
Солтүстікте теміржолшылар үшін қармен күрес науқаны әлі саябыр табар емес. Міне, ақпанның соңғы аптасы аяқталып, оңтүстік өңірде наурыздың нышаны баяғыда сезілсе де, қалың қардың тоңы жібігенмен, көбесі сөгілмей жатыр. Сенбі күні Астана станциясының сұрыптау дөңесінде үш мекемеден жиналған жүзге жуық теміржолшы жұмылған қар тазалау сенбілігіне куә болдық.          Демалыс күні жұмыс жұмысқа шыққан теміржолшылар үшін ең бастысы еңбекақыларының төленуі емес, станция аумағы мен теміржолдың бойын алты ай қыс жиналған ілген қардан тазалау. Міне, таңертең онда басталған жұмыс бірнеше бағытта жүріп жатыр. Сұрыптау дөңесінде бір топ  жолдар аралығынағы қарларды қос рельске тастап жатса, ары-бері жылжыған арнайы  техника оларды жинап өтіп,  келесі бір топ платформаға қар лақтырып жатыр.   УПЧ-17, ШЧ-16 және Астана станциясының теміржолшылары, 2 қар жинау машинасы мен 10 платформа вокзалдың оң жақ алқымын, сол маңдағы вагон жылдамдығын реттеуші құрылғылар маңайын қардан тазалау жұмысына жұмылдырылған. Сұрыптау дөңесінің бас жағы мен етек жағына екіге бөлінген жолшылар, байланысшылар және қозғалысшылар рельс бойынан жоғары тұрған қары бар қауіпті жерлердің қарын күреп, арнайы техникасының табанына тастауда. –Көктем мезгілі келіп те қалды. Күн сәл жылып, қар ери бастағаннан теміржол бойының, әсіресе, белгі беру, вагон жылдамдығын реттеу құрылғыларының бәрінің еріген қар суының астында қалу қаупі күшейеді. Ондай жағдайда мына құрылғылар мүлдем іске алғысыз болып қалады. Сөйтіп қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төнеді, шығынға батамыз. Сондықтан жанталаса қармен күресеміз. Теміржолшылар үшін қаңтар, ақпан және ауа-райының құбылуына қарай наурыз айы да осылай өтеді. Сенбі, жексенбі күндері де түске дейін жол бойы қарын тазалаймыз,- дейді Астана станциясы бастығының орынбасары Ибрагим Манабаев.   Жоспарлы жұмыс барысында платформамен бір күнде 350 текше метр қар тиеліп, ол қала сыртына шығарылып төгілуде. Теміржолшылардың қауіпсіздігіне де жауапты Ірілендірілген Астана жол дистанциясының телім бастығы Асылбек Серікұлы биыл қар жылдағыдан көп түскенін айтады.  - Станцияның қары әбден тазалағанша өзімізге тиесілі телімдер бойынша күні-түні қармен күрес жұмыстарына шығып жатырмыз. Жолшылар барынша көптеп жұмылдырылып, платформа берілуде. Қармен күреске арналған жұмыс пойызы да күнде шығарылып жатыр. Қар жинайтын механикаландырылған техника бір тиегенде 40 текше метр қар алады. Күнде екі СМК-мен 500-600 текше метр қар шығарылып тұр, - дейді телім бастығы.      Күнделікті қармен күрес шараларының арқасында станция бойынша екі ай ішінде платформамен 5000 текше метр, ал СМК техникасымен 40 мыңға жуық текше метр қар шығарылған, осы аралықта барлығы 3000 адам жұмылдырылған.   Қауіпсіз қозғалысты сақтауды қызметінің басты ұраны санайтын теміржолшылар қыстың соңғы бір күнін осылай өткізді.

Райхан РАХМЕТОВА

Жаңалықтар
06.02.2026
ҚТЖ көктемгі су тасқынына дайындықты бастады
Жаңалықтар
06.02.2026
ҚТЖ қалпына келтіру пойыздарын заманауи техникамен толықтырды
Станция тынысы / Қауіпсіздік
06.02.2026
Қауіпсіздікті қадағалаудың қандыағаштық үлгісі
Жаңалықтар
06.02.2026
Корея жастары ҚТЖ-ға келді
Сұхбат
06.02.2026
Қанат Әлмағамбетов: «Өтініш-шағымдарды екі есе төмендетуге қол жеткіздік»
Қауіпсіздік
06.02.2026
Алматыда арнайы сабақ ұйымдастырылды
Жаңалықтар
06.02.2026
Мұқағали мұрасы – ұлт қазынасы
Аймақтар
06.02.2026
Атырау теміржол музейі жаңа есіммен толықты
Жаңалықтар
06.02.2026
2025 жылы Khorgos Gateway-дың транзиттік әлеуеті артты
Жаңалықтар / Мұрағат
06.02.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №9 06 ақпан 2026 жыл
Жаңалықтар
05.02.2026
Өзбекстан Түркия арқылы теңізге шығудың жаңа жолын тапты
Қауіпсіздік
05.02.2026
Сексеуілде теміржол қауіпсіздігіне арналған тораптық жиын өтті
Жаңалықтар
05.02.2026
«Нұрлы жол» вокзалында «Құқықтық дәріхана» профилактикалық акциясы өтті
Әлемде
05.02.2026
Ұлыбританияда алғашқы аккумуляторлы пойыз жолаушы тасымалдауды бастады
Жаңалықтар
05.02.2026
Қазақстан мен Пәкістан көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Жаңалықтар
04.02.2026
Қазақстан мен Пәкістан Солтүстік – Оңтүстік бағытында мультимодальды тасымалдарды дамыту туралы келісті
Спорт
04.02.2026
Қыс қызығы – «Кәсіподақ шаңғысы»
Жолаушылар тасымалы
04.02.2026
Вокзалдарда мүгедектігі бар жолаушыларға арналған жаңа сүйемелдеу қызметі іске қосылды
Әлемде
04.02.2026
DB және Alstom пойыздарды қашықтан басқару технологиясын сынақтан өткізуде
Цифрландыру
03.02.2026
Сингапурлық технология Қазақстан логистикасын қалай өзгертті?