Болашақ – IT технологияда

Жаңалықтар
28.02.2017, 16:51
Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінде өткен жиында  бірінші болып сөз алған  «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Магистральдық желі дирекциясының бас инженері Қайырбай Орынбаев жылдың Бас құжаты – Елбасы жолдауына қатысты Ұлттық компания тарапынан межеленіп отырған бағдарламаларға тоқтады. –Елбасы биылғы Жолдауында көлік саласына қатысты бес басымдықты тарқатып айтып берді. Қазақстан отыз дамыған елдің қатарына кіру жолында биік мақсаттар ұстанып отыр. Ол үшін жедел технологиялық даму қарқыны керек. Жолдаудағы негізгі мақсаттарды жүзеге асыруда ұлттық компания тарапынан кешенді шаралар қолға алынуда. Әсіресе, жүк және жолаушылар тасымалын ұйымдастыруда жаңа технологияларды енгізе отырып, инновациялық тәсілдер қолға алынатын болады. Ал ІТ технология, «Цифрлы Қазақстан» жүйесін дамытуда жаңа дирекция ашылып, оның басшысы да тағайындалды. Алдағы жылдары контейнерлік тасымалдардың логистикалық шешімі болады. Саланы көптеген жаңалықтар күтіп тұр.  Ағымдағы жылы «Тұлпар-Тальго» жолаушылар пойызында зейнеткерлер тегін тасымалданады. Осы бағытта жұмыс жасап жатырмыз. Сондай-ақ, ұжымдық келісімшартқа толықтырулар енгізілмек. Бұл сала қызметкерлерін әлеуметтік қорғау мақсатында жасалады. 2010 жылдан бері «Денсаулық», «Жәрдем», «Саламатты Қазақстан» пойыздары еліміздің түкпір-түкпірінде тұрғындарға әлеуметтік-медициналық көмек көрсетіп келген еді. Биыл бұл пойыздардың кестесі өзгертіліп, бұрындары пойыз бармаған елді мекендер енгізілетін болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар да күшейтіледі. Терроризммен күресу мақсатында вокзалдарға бақылап тексеру құрылғылары орнатылуда. Ол алдағы маусым айына дейін еліміздің барлық вокзалына орнатылатын болады. Ал жылдың соңына дейін Астана, Қостанай, Шымкент әуежайларына осындай құрылғы орнатылмақ, – деді Қайырбай Ермекұлы. Бұдан соң орталық кәсіподақ өкілі Жұпарбек Сәбитов теміржолшыларды әлеуметтік жағынан қорғау төңірегінде ой бөлісті. Оның айтуынша, еліміздегі өзге өңірлердегі теміржолшылардың жалақысы бес пайызға көтерілсе, Алматы, Жамбыл, Шымкент теміржолшыларының жалақысы он пайызға көтерілген. – Алдағы жылы, яғни 2018-2020 жылдарға арналған ұжымдық келісімшарт жасалып, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек. Бұл жұмыстардың барлығы сіздердің әлеуметтік жағдайларыңызды жақсартуға бағытталып отыр, – деді ол.

Ерман ӘБДИЕВ, Тараз

Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды