Сақтанғанды сақтайды
«Қыстың бір күні қалса қорық» деп бекер айтылған ба? Аймақта қыс жылы болып басталды. Желтоқсан айындағы жайлылық қаңтарда да қыспай, ақпанның екінші жартысынан бастап үсті-үстіне қар жауып, ақ түтек боран соқты.
Жамбылдық теміржолшылар қармен күреспен қатар тасқынның алдын алу іс-шараларын қатар жүргізіп жатыр. Арнайы штаб құрылып, оның төрағалығына Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің директоры Қайрат Сазаев бекітіліп, ЖТ Жамбыл жол бөлімшесінің директоры Берік Ақшалов төраға орынбасарлығына сайланды. Қазір су тасқынының алдын алу шараларына дайындық қызу.
–Қазір арнайы бұйрықпен дайындық шараларын бастадық. Осыған орай ішкі бұйрық шығарылды. Бүгінгі күні қар қалың жауып, бұған дейін тазаланған жолдарды қайта тазалау басталды. Мына Қаратау, Жаңатас жақта жауған қардың қалыңдығы 80 см, Шоқпар жақта 1 метрге дейін жетті. Ол жолдардың барлығы арнайы қар тазалайтын техникамен тазаланды. Сондай-ақ су тасқынының алдын алуда Шу, Жамбыл, Ірілендірілген Сарышаған жол дистанциясы мен Түлкібас жол дистанциясында барлығы төрт пойыз жасақталды. Ол төрт пойызда 42 вагон-платформалар бар. Жалпы, бұл жұмыстар наурыздың басында дайын тұруы керек болса, қазіргі күні барлық пойыздар сақадай сай, жолға бүгін шығуға әзір. Ол вагондардың төртеуі жабық, қалған 38-і вагонға тас, ескі рельстер, шпалдар және қатты тұрмыстық қалдықтар тиелді. Қазір анау айтқандай қауіпті аумақ жоқ. Себебі, біз бұған дейін тексеру, зерделеу жұмыстарын жүргіздік. Қазір жер жекенің қолында. Шаруалар мал жайылымын кеңейтеміз немесе көкөніс егеміз деп, сонау Кеңес Үкіметі тұсында қазылған каналдар мен арықтарды жауып, бітеп тастайды. Ал ол каналдар мен арықтар уақытында бекерден бекер қазылған жоқ қой. Бөгеттер де текке тұрғызылған жоқ. Көктем айларында қызыл су ағатын жылға болатын олар. Сол жылғалар жойылғаннан кейін қызыл су темір жолды ғана емес, шаруалардың үйлерін де шайып кеткен 2011 жыл есімізде. Міне, біз жол дистанцияларындағы арнайы техникалар көмегімен сол бұрынғы каналдар мен арық-атыздардың көзін қайта аштық. Сөйтіп, қызыл су шаю қаупінің алдын алдық. Содан бері біраз жыл өтті. Ол бізге үлкен сабақ болды, бүгінде ахуал толық бақылауда, – деді Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Махмудин Абдулаев.
Аймақта үш ірі су қоймасы бар. Көрші Қырғыз елімен шекаралас аумақтағы Киров су қоймасына 550 млн текше метр су сиятын болса, онда қазір 404 млн текше метр су жиналған. Ал Тасөткел су қоймасының сыйымдылығы 620 млн текше метр болса, ондағы жинақталған су көлемі 514 млн текше метр. Теріс – Ащыбұлақта 150 млн текше метрге дейін су жиналатын болса, қазір ондағы жиналған су көлемі 86,59 млн текше метр. Магистральдық желі басшылары бұл су қоймаларындағы жағдай жөніндегі мәліметті әр апта сайын сұратып отырады екен. Машинистерге де нақты тапсырмалар берілген. Яғни, жол бойында су жиналған аумақ болса, жедел хабар беруі керек. Ауа-райы да күнделікті бақылауда. Соңғы күндері оңтүстікте қар аралас жаңбыр жауып тұр. Күн райы анау айтқан салқын емес. Дегенмен, сақтықта қорлық жоқ...
Ерман ӘБДИЕВ, Жамбыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті