Үш бағытқа қызмет көрсетеді
Үш бағытта қызмет көрсететін Шар станциясының жұмысы қашанда қауырт. Әсіресе, «станцияның жүрегі» саналатын техникалық кеңсе қызу еңбектің қайнаған ортасы. Өкім беру, пойыздардың келу-кету тәртібін бақылау, тіркеуге алу, нұсқаулықтар қабылдау мен маневрлік жұмыстарға жетекшілік сынды жауапты жұмыстар мұнда тәулік бойы толас таппайды.
Техникалық кеңсе қызметкерлері мұндай жұмыс үдерісіне төселген. Оның үстіне мұндай ауыртпалығы мен жауапкершілігі мол жұмысқа негізінен өте белсенді жандар іріктеліп келетіні жасырын емес. Шарлық кеңсе операторлары мен станция кезекшілері де жұмыстың жауапкершілігін терең сезіну арқылы жетістікті қызмет атқаруға болады деп санайды.
–Техникалық кеңсе қызметінің ерекшелігі сол, бір мезетте бірнеше жұмысты қатар атқаруға тура келеді. Мәселен, дәл қазіргі сәтте Аягөз бағытынан келе жатқан жүк пойызын қабылдап, тепловозын депоға жіберу керек. Сондай-ақ, төртінші жолдағы жылжымалы құрамды басқа тепловозға тіркеп, Защитаға аттандырамыз. Ал шамалы минуттардан кейін маневрлік жұмыстарды басқару қажет. Төрт вагонды ағытып, басқа пойызға тіркейміз. Сондай-ақ, бұл аралықта Семейге аттандыратын төрт платформаны жасақтауды ойша жоспарлап отыру керек. Бұған қоса, қосымша вагон алдыруға тиіспіз. Міне, осы жұмыстардың барлығын не бары екі сағаттың ішінде тиянақтап үлгеруіміз қажет. Ал осынау аралықта телефон құлағына еш тыным болмайды, – дейді осынау бір ғана қызметте ұзақ жылдар бойы үзіліссіз еңбек етіп келе жатқан станция кезекшісі Гүлбаршын Бердікенова.
Техникалық кеңсенің аға қызметкері Гүлмира Қарабаева Шар станциясынан өтетін барлық пойыздардың жай-жапсарын толық меңгергені сонша, көзін жұмып отырып та жаңылыспай айтып береді. Ағытылып, жалғанатын вагондар саны компютерде тіркеліп тұрғанымен, барлығын ойында сақтап, жаңылыспай айтып бере алатын ерекше қасиеті таң қалдырмай қоймайды.
Мұндағы қызметкерлер бір минутта екі-үш телефонға қатар жауап беріп, қарсы беттегі микротаблодағы өзгерістерді де қадағалап отырулары шарт. Кірме жолдардан вагондарды жинап алу, тіркеу мен ағыту, пойыздарды қабылдап алу мен аттандыру жатады. Ал бұл аралықта әр қызметкер жаңадан жасақталатын пойыздың салмағы мен ұзындығын да қатар ескеріп, есептеп отыруы тиіс. Себебі, артық жүктеменің соңы артық проблемаға әкелуі мүмкін.
–Шар станциясы үшін негізгі басымдық берілетіні, үш бағыттағы қозғалысқа кедергі тудырмау қажет. Әсіресе, қазіргідей ауа-райының аса қолайсыз мезгілінде бұл жұмыстың маңыздылығы тіптен еселене түседі. Ал мұндайда дәл біздегі кәсіби тұрғыдан шебер, білікті қызметкерлерден тұратын командамен жұмыс істеу өте маңызды, – дейді станция бастығы Мұхаметқали Мұсабаев.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Шар
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті