«ҚТЖ 100 жас есім» бағдарламасының екінші кезеңі басталады

Жаңалықтар
16.09.2022, 09:21
Оқуға 2 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Көпфункционалды қызмет көрсету орталығы» филиалы «ҚТЖ 100 жас есім» бағдарламасының екінші ағыны бойынша ақпараттық сессия өткізді.  

Онлайн форматта өткен жиында бағдарламаның мақсаттары мен шарттары, іріктеу кезеңдері мен қағидаттары туралы компанияның әлеуметтік саясат департаментінің қызметкерлері түсіндірді. Бағдарламаға қатысуға үміткерлер үшін ZOOM конференциясында сөз сөйлеген «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Көпфункционалды қызмет көрсету орталығы» филиалы директоры Мадияр Сұлтанбек жобаға компанияның 35 жасқа дейінгі жас теміржолшылары қатыса алатынын, дарынды, бастамашыл жастарды жан-жақты дамытуда бұл жобаның тиімділігі зор екенін жеткізді. «Сонымен қатар пікір мен тәжірибе алмасып, біліміңді жетілдіріп, өзіңнің жарқын идеяларыңды жүзеге асыруда да берері мол. Осы мүмкіндікті молынан пайдаланып, болашақта компанияның еңбек өнімділігін арттыруға атсалыса беріңіздер», – деді ол.  

Әлеуметтік саясат департаментінің менеджері Дархан Нұрғали онлайн форматта өзі дайындаған слайдтарды көрсетіп, «100 жас есім» жобасына қалай келгені туралы баяндады.

– Мен бұл жобаға өзімді ұсыну туралы ұзақ ойландым, оның берері не дедім. Еңбек жолымды 2018 жылы Қарағандыда локомотив пайдалану депосында машинист көмекшісі болып бастағанмын. Жобаға өтіп, Қарағандыдан елордаға алғаш рет Жастар форумына қатысуға келген кезде ой-санамды түгел өзгерттім. Мен осында қызмет еткім келеді дедім өзіме. Сол кезден бастап менің өмірімде үлкен өзгерістер орын ала бастады. 2020 жылы мен «Қазтеміртранс» компаниясына бас маман болып жұмысқа қабылдандым. 8 айдан кейін «ҚТЖ Экспресс» компаниясына ауыстым. Бір жылдан соң қазіргі қызметіме келдім, – деді ол өзін таныстырып.  

Жобаға өтінім 15 қыркүйекке дейін қабылданады, одан әрі олардың 85 пайызы іріктеліп алынып, онлайн тестілеуге қатысады. Бұл сынақта үміткерлердің құзыреттілігі бағаланып, 20 пайызы іріктеледі. Ал желтоқсанда өтетін XI жастар форумына іріктеуден өткендер шақыртылып, компания басшылығына таныстырылады.  

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды