«VIP-ВАГОН» ЖОЛСЕРІГІ

Жаңалықтар
07.03.2017, 14:05
Оқуға 2 мин
Теміржол дегенде әдетте жұртшылық есіне пойыз, ал теміржолшы дегенде жолсерік түсетіні рас. Олай болуы заңдылық та. Өйткені, пойызбен жүрмеген, жол үстінде жолсерікпен үзеңгілес болмаған адам кемде-кем шығар. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз осы мамандық иесі болғанда да, ҚТЖ басшылығының қызметтік вагонының жолсерігі. Мереке қарсаңында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің қолынан адал еңбегі, кәсіби біліктілігі және өз ісіне берілгендігі үшін Құрмет грамотасын алған Қызылгүл Кучукова әу баста таңдаған модельер-конструктор мамандығына сай сымдай тартылған әдемі әйел екен. Мектеп бітірген соң модельші-сәнгер кәсібін меңгермек болып, технологиялық колледжді бітірдім. Бірақ тағдыр мені теміржолға тап қылды. Оған еш өкінген емеспін, салаға бауыр басып үйреніскенім сонша, бірнеше жылдан соң Тынышбаев атындағы Көлік академиясында сырттай оқып, жоғары білім алдым. Қалған өмірімді тек теміржол көлігімен байланыстырамын, – дейді Қызылгүл. Қарағанды облысына қарасты Ағадыр ауданында теміржолшы отбасында дүниеге келген Қызылгүл үйіндегі жеті баланың төртеуі теміржол саласында тер төгіп жүргенін айтады. Қызылгүл Советқызының да теміржолда жұмыс істеп жатқанына он бес жылдан асыпты.Мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Солтүстік» аймақтық филиалына қарасты арнайы міндет жүктелген қызметтік вагондардың жолсерігі болып қызмет етемін. Бұл вагондармен ҚТЖ басшылығы сапарға шығады. Жолсеріктерге қойылатын талап ортақ. ПТЭ, ИСИ, ИДП нұсқамалары мен ережелерінің талаптарын жетік білуіміз керек. Арнайы вагондар жолсеріктеріне қойылатын соншалықты арнайы талап жоқ. Тек мінсіз қызмет, шапшаңдық пен жинақылық. ҚТЖ басшылығы түрлі жағдайға орай кез келген уақытта жолға шығуы мүмкін. Сондықтан кез-келген сәтте жоғары дайындықта болуың керек, – дейді VIP-вагондардың жолсерігі. Қызылгүл бос уақытында екі баласының тәрбиесімен айналысады екен. Орыс-қазақ тілін жетік меңгерген кейіпкеріміз бүгінде ағылшын тілін үйренуге ден қойыпты. Жұбайы да теміржолшы, жолаушылар тасымалында ревизор болып қызмет етеді. Жұптары жарасқан ерлі-зайыптылардың әңгімелері де жарасымды, тақырып ортақ – ол әрине, теміржол.

Сұлугүл Бакесова, Астана

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті