Лалахан

Жаңалықтар
07.03.2017, 14:20
Оқуға 2 мин
Олар мектеп қабырғасынан бірге. Екеуі бір сыныпта оқыды. Жоғары оқу орнын бітіріп,  төрт жылдан соң Алматыдан ауылға келіп, жұмыста әріптес болды. Достық сезім махаббатқа ұласып, 2009 жылдың тамыз айында некелері қиылды. Ерлі-зайыпты Аманқос пен Лалаханның егіз қозыдай  жұптары жазылмайтынына көпшіліктің де көзі үйренген. Жұмыс орны бір жерде болғандықтан, бірге келіп-кетеді. Таңертеңгісін үш ұлдың тұңғышы Бекарысты мектепке, Бексұлтан мен Әлиханды балабақшаға тастап, өздері Ақтау станциясының Ішкі істер желілік бөліміне жұмысқа келеді. Екеуінің де мамандығы заңгер, күйеуі аға анықтаушы болса, Лалахан  штаб бөлімшесінің бастығы. Лалахан  Берденова бір үйдің тұңғыш келіні. Ол келін болып түскенде ешқандай ауыртпалық көрмедім дейді. Себебі, көп балалы отбасында өсті. Үй тірлігін ұршықша үйіріп, күйеуінің, ата-енесінің көңілінен шыға білді. Ата-анасына салмақ салмау үшін мектепте үздік оқып, өз еңбегімен ақысыз білім алды және ЖОО-нын қызыл дипломға бітірді. Оның ең бірінші тергеген ісі есірткі қылмысына қатысты екен. 2009 жылы Морпортқа келген кемеден Ресей азаматы есірткімен ұсталыпты. Қылмыстық іс сотқа жолданып, әлгі кісі екі бап бойынша, яғни қызмет бабында есірткі қолданғаны және оны шекарадан алып өткені үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылыпты. Лалаханның айтуынша, қазір бұрынғыдай көп қылмыс жоқ. Темір жолдағы қоғамдық тәртіп алдын алу іс-шараларының, оқтын-оқтын ұйымдастырылатын профилактикалық түсінік жұмыстарының нәтижесінде көп ретке келген. Әттеген-айы,  жолаушылар пойыздарындағы ұялы телефонның ұрлану фактілерінің жиі тіркелуі. Бірақ, мұндай жайттар жолаушылардың өз абайсыздығы салдарынан орын алатын көрінеді. Ұялы телефондарын қуаттауға қойып, ұйықтап қалады екен. – Полиция қызметкерінің екінші мамандығы психолог, халықпен жұмыс істеген соң неше түрліні көресің, тіл табысуға тура келеді. Біздің жұмыстың шектеулі уақыты да жоқ. Мысалы, кез келген уақытта, күн мен түн, демалысқа қарамастан дабылмен жинауы мүмкін. Мереке күндері жұмысымыз екі еселеніп кетеді, – дейді Лалахан Берденова. Өзінің мұндай ерекше есімінің  себебін, ата-анасының гүлге ұқсасын деп ырымдап қойғанымен түсіндірді шыныда да гүлдей жайнаған келіншек.

Әсел ТАҢАТАРОВА,

Маңғыстау

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті