Қармен күрес сумен күреске жалғасты
Көктемде қар еріп, сең жүріп, ағын су молайғанда пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне нұқсан келтірмей өткізу – басты мақсат. «Семей – Жүк тасымалы» бөлімшесінің директоры Марлен Көкірекбаев осы мәселеге байланысты жауапты басшылардың есебін тыңдады.
Семей өңіріне биылғы жауған қардың мөлшері жылдағыдан бірнеше есеге артық түскені мәлім. Сондықтан теміржолшы қауымға көгілдір көктем өзінің тосын сыйын ала келді. Магистральдық желі бөлімшесі басшыларының бүгінгі бас ауруы иеліктеріндегі жолдарды, көпірлерді, бағыттама бұрмаларды, құбырларды қар суының шайып кетуінен сақтап, табиғаттың осы сынынан шығынсыз шығу болып отыр. Семей магистральдық желі бөлімшесінде және жол дистанцияларында еріген сумен күрестің шұғыл жоспары жасалып бекітілген.
«Ұрыста тұрыс жоқ» дегендей теміржолшылар жұмысқа кірісіп те кетті. Біріншіден тасқын су және сең жүретін қауіпті телімдер анықталып, олардың тізімін жасау, екіншіден, су шайып кетуінің алдын алатын арнайы пойыздар ұйымдастыру, үшіншіден, арналарын өлшеуді қажет ететін көпірлердің санын анықтау сияқты кезек күттірмейтін шараларды қамтыған шұғыл жоспар жасалуда. Семей жол бөлімшесі бойынша су тасқынына қарсы арнайы пойыз жасақтау үшін «Қазтеміртранс» мекемесіне 34 платформаға, 5 жабық вагонға тапсырыс берілген. Бүгінгі күні сумен күреске ПЧ-39-1, ПЧ-40-1, ПЧ-42-1 бойынша үш жабық вагон бөлінген.
–Сапалы дайындық жұмыстарын жүргізіп, дер кезінде қардан тазалап, ағынды сулардың бөгетсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында 272 көпір, 58 құбыр, 69,7 км арық, 16,5 км тау етегіндегі ор, 58,7 км су жүретін арнаны қардан аршып, тазалау жұмыстары бүгінгі басты жұмыстар, – дейді мамандар.
Ерлан Ғазез,
Семей
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті