Көшбасында "Шымқала"командасы

Жаңалықтар
10.03.2017, 12:29
Оқуға 1 мин
Жуырда  «Шымкент жүк бөлімшесі» ЖТ филиалында елу жыл еңбек еткен ардагер Балтасапар Ибрагимовтың 70 жасқа толуына орай, кіші футболдан облыс бойынша ардагерлер арасында турнир өтті. «Қайтпас» мөлтек ауданындағы жаңа салынған жабық стадиондағы іс-шараға бөлімшедегі басшылар, қалалық әкімдіктің қызметкерлері, дос-жарандары қатысып той иесін құттықтады. Соңғы 15 жыл бойы кәсіподақ комитетін басқарған Балтасапар Қаһарұлы ардагерлердің мерейтойын атаусыз қалдырмайтын. Енді өзі де сол қатарға қосылып, жетпіс жасын атап өтуде. Он тоғыз жасында Арыс локомотив пайдалану депосында слесарь болып еңбек жолын бастаған ол машинист көмекшісі, аға шебер міндетін атқарып, 1977 жылдан  бастап кәсіподақ жұмысына араласа бастайды. Арасында 1980-1986 жылдары Шымкент жол бөлімшесінде материалдық-техникалық қамту бөлімін басқарып, кейіннен кәсіподаққа  қайта оралған. Болат жолмен сабақтасқан жарты ғасырда еңбегі еленіп, «Құрметті теміржолшы»,  ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталыпты. Енді мерейтойын тойлауы арқылы жастарды спортқа қызықтырып, кейінгілерге үлгі болуда. Бұл жолы Мақтаарал, Ордабасы, Шардара сынды облыстың барлық аудандарынан жасы елуден асқан әуесқой футболшылар 11 команда бойынша ойын көрсетті. Қорытындысында «Шымқала» деген топпан қалалық ардагерлер бірінші орын алса, түлкібастықтар екінші, Сарыағаштан келген «Келес» командасы үшіншіні қанағат тұтты.  

Динар МЕЙІРМАН, Шымкент  

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті