ҚҰРЫҚ-порт СТАНЦИЯСЫНДА АЛҒАШҚЫ БАСШЫ
Қазіргі таңда еліміздің екінші теңіз қақпасы Құрық портына баса назар аударылып отырғаны белгілі. Каспий теңізі арқылы Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру мақсатында салынып жатқан нысанның болашағы зор болмағын биылғы Жолдауында Елбасы ерекше айтып өткен болатын.
Жуырда Құрық станциясының алғашқы басшысы тағайындалды. Станция бастығы болып Аманқос Құсайынов, оның орынбасарлығына Қанат Мұқатов тағайындалды.
Құсайынов Аманқос Нықышұлы – Гурьев теміржол техникумын, Қазақ көлік және коммуникация академиясын бітірген. Еңбек жолын Опорный станциясында кезекші болып бастаған. Содан кейінгі жылдарда учаскелік ревизор, Құлсары станциясы бастығының орынбасары, Опорный, Бейнеу, Маңғыстау станцияларының бастығы, Маңғыстау жол бөлімшесінде бөлім бастығы қызметтерін атқарған. 2007 жылдан күні бүгінге дейін Маңғыстау жүк тасымалдау бөлімшесінде логистика және тасымалды ұйымдастыру бөлімінің бастығы болды. Міне, енді бөлімше директоры Нәжімеден Ғұбашевтің биылғы 7 наурызда шыққан бұйрығымен Құрық станциясының бастығы болып тағайындалып отыр. Оның орнына бөлімшенің шұғыл басқару бөлімінің бөлімше кезекшісі болған тәжірибелі теміржолшы Айбек Утеков келді. Бөлімше басшысы болашағынан үлкен үміт күтіп отырған назардағы нысанның жұмысын аяққа тұрғызуға қозғалыс саласында мол тәжірибесі бар теміржолшы Құсайыновтың тәжірибесі қажет болатынын жеткізді.
– Қазіргі уақытта Құрық станциясына бөлімшеден 73 адам жұмыс атқарады деп күтілуде. Оның ішінде машинистер, вагон қараушылар, пойыз құрастырушылар, станция кезекшілері, жүк қабылдап-тапсырушылар, т.т. қозғалыс қауіпсіздігіне жауапты мамандар бар. Мараторийге байланысты сырттан адам алынбайды. Тек қана басқа станцияларда қызмет атқарып жатқан қызметкерлер өз сұраныс-өтініштері бойынша қабылданып жатыр. Өйткені, барлық жерге хабарландыру берілді, – дейді бөлімшенің персоналды басқару бөлімінің бастығы Екпін Қожахметов.
Өткен жылдың соңында Боржақты – Ерсай темір жолының порт жағынан ашылған 3-класты Құрық-порт станциясы «Құрық» портындағы паромдық кешен арқылы Қазақстан аумағынан жөнелтілетін және шетелден Қазақстан аумағына келген жүк тиелген құрамдарға қызмет көрсетеді. Станция алты-алтыдан, яғни барлығы 12 жолы бар «А» және «Б» парктерінен тұрады. Қазіргі сәтте, бірінші іске қосу кешені, яки «А» паркі пайдалануға берілген. Бұл паркте пойыздар қабылдау, жөнелту процестері жүзеге асырылады. Ал келешекте «Б» паркінің алты жолы салынып, қолданысқа берілгенде, онда вагондарды сұрыптау жұмыстары жүзеге асырылмақ.
Транзиттік тасымалдың артуына серпін береді деп күтіліп отырған Құрық портында бүгінде қызу жұмыс. Бұйыртса, 15 наурызда алғашқы жүк тиелуі мүмкін деген болжам бар. Құрық – жаңадан ашылған порт болғандықтан, алдымен жұмыс процесіне үйрету көзделуде. Осыған орай, 13 наурыздан бастап Құрыққа жұмысшы-қызметкерлер жеткізіле басталмақ.
Әсел ТАҢАТАРОВА, Маңғыстау
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті