Әлемді құтқаратын... қайырымдылық
Бүгінгі күні Жамбыл өңірінде он екі мыңға жуық теміржолшылар еңбек көрігін қыздырып отырса, олардың жартысына жуығы жастар.
Ұлттық компанияның жастар саясаты бағытында жас теміржолшыларды қолдауда көп игілікті жұмыстар атқарып жатқаны белгілі. Біз әулиеаталық жас теміржолшылардың жетекшісі, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің аймақаралық өкілі, Тараз локомотив жөндеу депосының жұмысшысы, өткен жылдың қорытындысы бойынша «Жас слесарь - 2016» І дәрежелі дипломының иегері Бейімбет Улазбекке жолығып, өңірде жастардың қатысуымен атқарылған жұмыстардың жайын білген едік.
– Темір жол саласы – күрделі сала. Сондықтан саланың бай тарихымен таныспайынша біз нағыз теміржолшы болып қалыптаспас едік. Осы мақсатта біз аға буын өкілдерінің ақыл-кеңестерін жиі тыңдап, жиі кездесіп, оларға бүгінгі күні салада болып жатқан тың жаңалықтарды жеткізіп, пікірлерін тыңдаймыз. Біздің басты ұстанымымыз: «Жас келсе – іске» деген қағида. Яғни, біз жастар қоғамды сәл де болса өзгертуге, өзіміздің іс-әрекетімізбен адамдар өмірін жеңілдетіп, қуаныш пен мейірім сыйлап, ізгілік нұрын себуге тырысуымыз керек деп ойлаймыз. Жыл сайын Астанада желтоқсан айында республикалық форум болады. Ол форумға аймақтағы барлық бөлімшелерден команда жасақтап барамыз. Өз басым соңғы үш жыл бойы үзбей қатысып келемін. Сол жастар құрылтайының да басты тақырыбы осы –қоғамға жақсылық жасау, әлемді құтқаратын тек қайырымдылық деген ұстаным.
Біздің жастар облыс орталығындағы ақыл-ойы кем балаларға арналған интернатқа да жиі бас сұғады. Балалардың көңілін көтеріп, концерттік бағдарламамызды ұсынып, ойыншықтар сыйға тартып, бір қуантамыз. Әрине, бастама өзімізден болғандықтан, сыйлықты өз қаржымызға алып барамыз. Кейде кәсіподақтан және жол бөлімшесінің әкімшілігінен де көмек болып тұрады. Дегенмен, демеуші өзіміз. Алдағы наурыз мерекесінде үлкендерімізді сыйламақпыз. Өзіміздің ардагерлерден бөлек, облыс орталығындағы екі қарттар үйіне барып, сондағы қарияларға жан жылуын сыйласақ дейміз.
– «Жігітті жолдасына қарап таны» деген. Әрдайым жаныңнан табылатын жолдастарыңды атап өтсең...
– Жолдастарым, достарым өте көп және бәрі де болашағынан үміт күттіретін азаматтар. Шайқорық станциясы бастығының орынбасары Медет Ошақбаев, Жамбыл электрмен жабдықтау дистанциясының электрмонтерлері Айнұр Бейсенова, Мейірім Көшербаева, Қанат Тұрманов, Шөлдала станциясының бастығы Ердәулет Түкеев, Бурыл станциясының қабылдап-жөнелтушісі Мұхтар Кирбаев, Шу электрмен жабдықтау дистанциясының электромонтері Елдар Ыбырайқұлов сынды жастармен қандай іске болсын бел шеше, сеніммен аттануға болады.
Ерман ӘБДИЕВ, Жамбыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті