Қара шаңырақтың киесі
Теміржолшыға тән жауапкершілік пен төзімділік, қарапайымдылық - кәсіп иесінің мінезін қалыптастырады. Ауыр саланың жүгін жеңілдету үшін бірлесіп, ынтымақта тірлік ететін сала мамандары отбасында да осы қағиданы ұстанатындай.
Арыстық Рысбековтер әулетінде теміржолшы мамандығын үйдің тұңғышы Дүйсен бастаған. Соңынан інілері еріп, одан немере буын жалғап, бүгінде әулеттің еңбек өтілі 250 жылға жетіпті. Дүйсен 1979 жылы Арыс станциясына кезекші болып орналасып, 1991 жылға дейін осында жұмыс атқарады. Тағдырға не шара, сол жылы кенеттен дүниеден өтеді. Әкесі Қайболда қария да Арыс станциясындағы жүк сақтау қоймасының меңгерушісі болып зейнетке шыққан екен. Екінші ұл Жайлау 31 жылдан бері станцияда диспетчер болса, Сайлау құрылыс саласын таңдаған. Қали 1981-1994 жылдары пойыз құрастырушы болып, одан кейін Арыс станциясындағы ЖІІБ-не ауысып, зейнетке шыққанша 15 жыл еңбек етіпті. Әли 1988 жылдан, Тасқын 1989 жылдан бері Арыс бекетінде станция кезекшілері. Талғат 24 жылын пойыз құрастырушы кәсібіне арнаса, Қырықбай 1997 жылдан бері жолсерік. Қазір «Астана – Сарыағаш» пойызында жолаушыларға қызмет етуде. Бұл әулеттің келіндері де несібесін теміржолдан айырып отыр. Үлкен келіндер Жұмақыз бен Айман Арыс станциясында оператор, ал Мейрамгүл маневр диспетчерінің операторы. Немерелері Нұржан мен Азаматтың Арыс локомотив пайдалану депосында бірі машинист, бірі көмекші болғанына жеті жылдан асқан. Самат пен Нұркелді ЖІІБ-не қызмет етіп, темір жол бойының тыныштығын күзетуде.
Әр мереке сайын Қараспан ауылындағы әулеттің қара шаңырағында бас қосатын Рысбековтер аналары Бизаданың қолын алып қайтады. Батыр ананың аман-есен жетілген он екі ұл-қызынан бүгінде 45 немере, 16 шөбере тарапты.
Рысбековтер әулетін жұрт «ынтымағы жарасқан отбасы» деп бекер айтпаса керек.Бүгінде әулеттің ақылшысына айналған Жайлау теміржолда өсіп- өніп отырған әулет мүшелерінің ынтымақтылығы қарашаңырақта отырған аналарының арқасы, сол қарашаңырақтың киесі деп біледі. «Әр мәселені үлкендігімді алға тартып, өзім білермендікке салмай бауырларым мен келіндерімді шақырып ортаға саламыз. Әрқайсының пікірін сұрап, сосын барып анамыздың байлауын күтеміз»,- дейді наурыздың жиырма үшінде 55 жасқа келетін Жайлау Қайболдаұлы. Отыз жыл бір саланың «жілігін шаққан» тәжірибелі маман 2000 жылы «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісін тақса, Темір жолдың 100 жылдығы мерейтойында алтын сағат иеленіпті.
Динар МЕЙІРМАН, Шымкент
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті