"Тұлпар-тальго" халықаралық қатынаста
Бұдан былай өзбек-қазақ достығы теміржол бойындағы ынтымақтастық арқылы нығая түспек. Ендігі жерде бауырлас қос елдің бас қаласы бір-бірімен бір жарым тәулік ішінде жалғасып, аулы аралас, қойы қоралас жатқан қос мемлекеттің халқы бір-бірімен емін-еркін араласып, алыс-берістерін нығайта түсуге мүмкіндік туып отыр.
Күллі түркі-мұсылман елдеріне ортақ Наурыз мерекесі қарсаңында қазақ-өзбек халқы мерекені бірге тойлады. Өйткені, Ұлыстың ұлы күні құрметіне көптен күткен жағымды жаңалық жүзеге асып, «Алматы – Ташкент» бағытында №1/2 жаңа халықаралық жүрдек жолаушылар пойызының тұсауы кесілді.
Алматы-2 вокзалында 21 наурыз күні жаңа бағдардағы пойызды салтанатты шығарып салу рәсіміне Алматы қаласының әкімдігі және өзбек этно мәдени орталығы өкілдері мен жергілікті тұрғындар, теміржолшылар мен сала ардагерлері, қала халқы көп жиналып, ұлттық компанияның вице-президенті Эрик Имашев бұл оқиғаның екі елдің достық қарым-қатынасы мен ынтымақтастығын нығайтудағы, сол арқылы көршілес жатқан бауырлас қос ел халқының тек ағайындық қарым-қатынасын ғана емес, әлеуметтік ахуалын жақсартудағы маңызы зор екеніне тоқталды. Жаңа пойыз отандық өнім - кең шанақты «Тұлпар-Тальго» вагондарынан жасақталған.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ президенті Нұрдәулет Қилыбай пойыздың алғашқы сапарына орай дәстүрлі қоңырау соғу рәсімін жасап, су жаңа көк күймелерден құралған пойызға сәт сапар тіледі. 29 вагоннан тұратын пойыз аптасына екі рет қатынайды. Алматыдан дүйсенбі, сенбі күндері, ал Ташкенттен сейсенбі, жексенбі күндері жүреді. Аталған бағдар бойынша пойыз Отар, Шу, Тараз, Түлкібас, Манкент, Шымкент, Арыс, Сарыағаш, Келес және Ташкент станцияларына тоқтайды. Бұдан былай Алматыдан Ташкентке дейінгі жол ұзақтығы 16 сағатты құрайды. Пойыз жолаушылары үшін ең басты артықшылық – шекарадағы бақылау кезінде жолаушылар купелерін шықпай-ақ барлық тексеру рәсімдерінен өте алады. Сарыағаш станциясында қазақстандық шекарашылар, ал Келес станциясында өзбекстандық шекарашылар бір жарым сағат ішінде құжаттық рәсімдерді атқарып шықпақ. Жүрдек пойыз 400 орыннан тұрады. Ол Алматы мен Ташкент сияқты туристтік орталықтарды байланыстырмақ.
Райхан БАУЫРЖАНҚЫЗЫ
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті