Айлық анықтаған ақаулар
Бүйірлік рамасының ақауы жиі орын алуы бүгінде таңсық болмай қалды. Сондықтан осы бүйірлік рамаларының ақауына байланысты арнайы айлықтар өткізіліп, қырағылықты арттыру шаралары қолға алынуда.
Маңғыстау вагон пайдалану депосының техникалық қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі Жұмабек Якупбаев желтоқсан мен наурыз айлары аралығында өткен кезекті айлық кезінде анықталған ақаулы оқиғалар жайлы айтып берді.
– 20 желтоқсанда аға вагон қараушы Ерлан Ереков бізде бұрын-соңды кездеспеген аса ірі көлемді жарықты тапқан еді. Вагонға жаңа бүйірлік рама салынып, 21 қаңтар күні шығып кетті. Одан бері де бүйірлік рамадағы 5 ақау анықталды. 5 қаңтар күні Е.Ерековтың ауысымында вагон бақылаушы Ерполат Сәбітаев, 7 қаңтарда аға вагон қараушы Нұрлыбек Құрбанбаевтың ауысымында вагон бақылаушы Берік Дүйсенбаев 661 03 342 вагонының бүйірлік рамасынан сынықты анықтады. Сондай-ақ, 9 қаңтарда №22 ағымдағы ағыту тұйығында 601 68 747 вагонынан вагон қараушы Байрамбай Тыныштықов ақау тапты. Ағымдағы ағыту тұйығына түскен вагон басқа бір ақаумен алып келініп, барлық құрылымы түгел қаралатындықтан, жұмыс барысында қосымша ақаулық анықталып жатыр, – деді Ж.Якупбаев.
Оның сөзінше, дәл осылай тағы бір "Д " образды сынық 9 қаңтардан 10-на қараған күні сағат 23:00-де жетінші жолға тоқтаған №525 27 744 вагонының бүйірлік рамасында кездескен. Вагон локомотивтен ағытып алынып, дереу деполық жөндеуге жіберілген.
– Бұл вагон Ресейдікі болатын және ол бізге дейін сонша жол басып өтті. Технологиясы бойынша бүйірлік рамасын дәнекерлеуге болмайды. Соған қарамай біз анықтаған тесік дәнекерленіп, үстіне қарамай жағылған екен. Сырт көзге байқалмайтындай. Осындай анықталуы қиын ақаулықты вагон бақылаушы Әділет Байсейітов айнаның көмегімен тауып отыр, – деген вагондарға техникалық қызмет көрсету бөлімі басшысының мәліметіне 2008-2016 жылдары аралығында елімізде 80-нен астам бүйірлік раманың сынып кетуі орын алған көрінеді және талдау нәтижесі мұндай жағдайдың негізінен қыста болатынын көрсеткен.
– Бүйірлік рамасының қыс кезінде сынуы – біріншіден металдың құйылуына және оның қыста сынуға бейім болуына байланысты. Қазір 2009, 2010, 2011, 2014 жылдары шыққан бүйірлік рамаларында да жарық сынықтар кездесуде. Олар әлі сынуға тиісті емес. Бүйірлік рамасы зауытта 5 жыл кепілдікпен, 30-35 жылға жарамдылықпен жасалады. Сондықтан қандай белгідегі бүйірлік рамаларында жиі ақау кездесетінін өзімізге белігілеп, жұмысшыларға таныстырамыз. Тағы осы бүйірлік рамалары ерекше бақыланады. Негізінде вагонның бұл бөлшегі қайта жөндеуге келмейді, әрі өте қат, – дейді Ж.Якупбаев.
Шахида ЖҰМАН
Маңғыстау
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті