Қорғаста – Татарстан кәсіпкерлері
Өткен сәрсенбіде «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығына Татарстаннан арнайы делегация өкілдері келді.
Татарстанның Менделеев муниципалды ауданының басшысы Валерий Чершинцев бастаған делегация өкілдері шекара маңында жүзеге асып жатқан жобалар жоспарымен танысты. Орталық президенті Қаһарман Жазин қонақтарды құрылыстың бас жоспарымен таныстырып, мұнда халықаралық орталықтан бөлек «Жетіген – Қорғас» темір жолы, «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы көптеген шетелді компаниялардың инвестиция салуға деген қызығушылығын тудырып отырғанын жеткізді.
Биыл мұнда бес инвестициялық нысан пайдалануға берілмек. Атап айтқанда, бас алаңның, қолөнершілер қалашығының, бизнес-орталықтың, көп функционалды ғимарат пен сауда орталығының құрылысы аяқталуға таяу. Орталықтың құрылыс жұмысы келер жылы толық бітеді. «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы – сауда-саттықты дамытуға, экономиканы нығайтуға бағытталған үлкен мүмкіндік. Бұл жерде Қазақстан мен Қытай елінен, сонымен бірге, үшінші мемлекеттен келген азаматтар өзара әріптестік орната алады. Олар өз кәсіпорындарының өнімдерін бір-біріне таныстырып, тәжірибе алмасады.
«Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығын аралап, инвестициялық нысандардың инфрақұрылымымен танысты. Ресейлік кәсіпкерлер «Қорғас» ХШЫО-да Татарстанның сауда өкілдігін ашу жолымен Қазақстан арқылы өтетін транзиттік бағдарды пайдаланып, Қытайға тауар өткізуге мүдделілік танытты. Олар үшін Орталыққа кірген тауарлары кедендік декларацияға жатпайтыны да қосымша артықшылық болып отыр.
Татарстаннан келген кәсіпкерлер сондай-ақ, «Алтынкөл» теміржол бекетінің, «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының жұмыстарымен де танысты.
Даниал ХАМИТ
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті