Жәрмеңкеден жұмыс табу мүмкіндігі қандай?
Сәрсенбі күні Астанадағы Жастар сарайы, бұрынғы Конгресс холлда жұмыс жәрмеңкесі өтті. Онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Астана темір жол вокзалы кешені» филиалы жаңадан ашылатын темір жол вокзалына қажет мамандықтарға таңдау жариялады.
Елордада биыл ашылады деп күтіліп отырған жаңа темір жол вокзалына жұмысқа орналасуға ниет білдіріп, түйіндеме тастап жатқандар нөпірінде шек жоқ. Жұмыс табуға үміткерлер қатарында биылғы жылы теміржол мамандарын дайындайтын оқу орындарын, колледжді тасымалдауды ұйымдастыру кәсібі бойынша бітірушілер қарасы мол көрінеді.
Жалпы 60 компания қатысып, 1200 бос орын ұсынылған жәрмеңкеде теміржолшылар түрлі мамандық бойынша 170 бос орынға таңдау жасады.
-Біз ұсынып отырған мамандықтар: диктор, вокзал бойынша кезекші, оның ішінде зал, перрон, аумақ кезекшілері, анықтама беру бойынша кезекші. Бұл мамандыққа үміткерлерге қойылатын арнайы талап, ҚР Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы бар. Біз барлық талаптар тізімін ҚТЖ-ның railways.kz сайтында жарияладық. Біз бүгін тапсырып жатқан резюмелер арасынан жарияланған бос орындарға сәйкес келетін мамандарды іріктеп, таңдап аламыз. Кейін оларға хабарласып, бір ай бойы қосымша оқытып, дайындаймыз. Міндетті түрде кескін-келбеті, бойына қатысты критерийлер ескерілетін болады. Сондай-ақ, жаңа вокзал қызметкерлеріне арнайы киім тігелетін болады. Ең басты талаптың бірі, вокзалдың әр қызметкері қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сөйлей алуы тиіс, – дейді Астана темір жол вокзалы кешені директорының қамтамасыз ету жөніндегі директоры Нұрлан Аманжолов.
Бос орындар жәрмеңкесіне жаңа темір жол вокзалына қызмет көрсететін әскерилендірілген темір жол күзеті және темір жол көлігі ішкі істер басқармасы да қатысты.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті