Қазақстан мен Әзербайжан: серіктестіктің жаңа сатысы

Жаңалықтар
04.04.2017, 15:15
Қазақстан  Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевтың Әзербайжанға ресми сапары аясында  екі елдің теміржол әкімшіліктері стратегиялық серіктестік жөнінде бірқатар маңызды келісімге қол жеткізді.    Кеше «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев пен «Әзербайжан темір жолдары» ЖАҚ төрағасы Джавид Гурбанов екі ел арасындағы логистика және теміржол көлігі машинасын  жасау саласындағы стратегиялық серіктестікті дамыту туралы Келісімге қол қойды. Бұл арқылы тараптар Транскаспий халықаралық көлік дәлізімен жүк тасымалы көлемін арттыруға мүдделі. 2020 жылдары тасымалдау көлемін 300 мың ЖФЭ-ке жеткізу жоспарлануда. Келісім негізінде 2020 жылға дейін қазақстандық теміржол машиналарын жасау кәсіпорындарының 500 миллион АҚШ доллары көлеміндегі өнімін Әзербайжанға шығару жоспарланып отыр. Бірлескен шаралар көлік инфрақұрылымын дамыту арқылы Қазақстан мен Әзербайжан ғана емес, өңірдегі көршілес мемлекеттердің де транзиттік жүк ағынын дамытуға ықпал етпек.   Сонымен қатар, Баку сапары «KTZ Express Shipping» ЖШС мен «ACSC logistics» ААҚ арасында «Ferry Express Logistics» бірлескен кәсіпорнын құру жөніндегі Құрылтайшылық келісімі жасалуымен де құнды болып отыр. Маңызды құжатқа «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев пен «Әзербайжан Каспий теңіз кеме қатынасы» ЖАҚ төрағасы Рауф Велиев қол қойды. «Ferry Express Logistics» бірлескен кәсіпорнын құру – екі ел арасындағы көлік және логистикалық қатынасты дамыту және Транскаспий халықаралық көлік дәлізі бағдарының әлеуетін арттыруды көздейді. Алдағы уақытта Құрық (Ақтау) – Алят (Баку) – Құрық (Ақтау) бағдарында теңіз арқылы паром жүргізу және құрғақ жүк тасымалын атқарудың коммерциялық операторы құрылады деп жоспарлануда. Бірлескен қызметтер Қазақстан мен Әзербайжанның және көршілес елдердің қатысуымен транзиттік жүктерді тасымалдауды арттыруға бағытталады. Сондай-ақ,  ҚТЖ басшысының 1 сәуірде Бакудегі «Транскаспий халықаралық көлік бағдары» халықаралық қауымдастығының отырысына қатысу барысында бірқатар теміржол әкімшіліктерінің басшыларымен жемісті кездесулер өткізгенін де айта кеткен жөн. Кездесулер барысында ТКХКБ қатысушыларының осы бағдарды дамыту мен бәсекелестікке төтеп  беруін қамтамасыз ету жайындағы өзара іс әрекеттерін талқылады. Қазақстан, Әзербайжан, Грузия теміржол әкімшіліктерінің басшылары 2017 жылы да бұрынғы жасалып келген тариф жеңілдігін қолдануды жалғастыруға уағдаласты.             ҚТЖ жетекшісінің  пікірінше, Қазақстан мен Әзербайжанның көлік-транзиттік саласын бірлесіп дамытуы осы елдер аумағына ғана емес, осы бағдарға қатысушы өңірдегі елдердің де транзиттік жүк ағындарының еселеп өсе түсуіне мүмкіндік әпереді. Әзербайжандық серіктестермен бірлесіп қызмет көрсету нәтижесінде Баку порты мен Қазақстан порттарында жүк ағыны арта түсуде. Осы орайда, Қазақстан тарабы Каспий инфрақұрылымын дамыту мен мультимодальдық тасымалдауды жеделдетуге баса назар аударуда.      Соңғы жылдары екі елдің теміржол саласы табысты дамып келе жатқанын атап өтуге болады. Әзербайжанға қазақстандық өндірістен шыққан 10 тепловоз жеткізіліп, қазақстандық бағыттауыш бұрмалар жеткізуге келісім жасалса, 2020 жылға қарай қазақстанда жасалған теміржол  машиналарын Әзербайжанға экспорттау әлеуетін 400 миллион долларға жеткізілмек.   

Даниал ХАМИТ

Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды