Теміржол әлеміне саяхат  

Жаңалықтар
04.04.2017, 15:55
Оқуға 1 мин
Өткен апта соңында семейлік теміржолшы жастар мен салалық кәсіподақ комитеті бірлесіп ерекше шара өткізді. Қаладағы балалар үйінің тәрбиеленушілерін бөлімшеге шақырып, теміржол қызметі әлеміне саяхат ұйымдастырды. Балалар үйінің естияр тәрбиеленушілері әуелгі кезекте бөлімшедегі диспетчерлік орталықта болып, ондағы атқарылатын қауырт жұмыс барысымен танысты. Бұл ретте, бөлімшеге қарасты желі бойларындағы пойыздардың қозғалыс реттілігі мен басқарылуына қаныққан балалар өздерін қызықтырған сауалдарын да жолдап жатты. Балаларды, тіпті, сала қызметінің тыныс-тіршілігі ғана емес, диспетчерлердің қалай түстенетіні, қалай тынығатыны да қызықтырды. Танымдық шара барысында жасөспірімдер пойыз қозғалысын алыстан басқару ісіне қанықты. Бұл ретте шойын жол қызметінің күрделілігі жайлы түсіндірген жедел өкім беру бөлімі басшысының орынбасары Ерсұлтан Оспанов желі бойында жүрудің адам өмірі мен денсаулығына қауіптілігін де айтып өтті. Бір бұл емес, бөлімшеге саяхат барысында балалар үйінің тәрбиеленушілері Семей станциясында да болып, дөңес паркіндегі вагондарды сұрыптау жұмысын алыстан бақылап, жан-жақты танысты. Балаларды әсіресе, пойыз құрастырушылардың қауырт қызметі, вагондардан пойыз жасақтау жұмысы қатты қызықтырды. Сәйкесінше, сауалдары да көп болды. Тәрбиеленушілер арасында болашақта өз өмір жолдарын осынау саламен байланыстырғысы келетіндер де табылды.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті