Жергілікті кадрға не жетсін...
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі басшылығы өз түлектерінің жергілікті теміржол мекемелеріне жұмысқа орналасуына барынша ықпал етуге тырысады. Осы мақсатта жыл сайын теміржол мекемелерінің басшылары мен колледж түлектерінің басын қосып түрлі шаралар өткізіп келеді.
Оқу орны директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бақытгүл Әбілпейісованың айтуынша, студенттердің дені жергілікті аудан, ауылдардан келгендіктен, олардың жергілікті мекемелерден, тіпті өз аудандары мен ауылдарындағы теміржол кәсіпорындарына жұмысқа орналасса, жұмыс берушіге де, жұмыс алушыға да тиімді болмақ.
–Жергілікті кадрға жететіні жоқ. Басқа жақтан келген маманның жергілікті ел мен жерге үйренісіп қалып қоюы сирек кезедседі. Сырттан келген маманның көпшілігі бірнеше жылдан соң еліне қарай жылжығысы келіп немесе сол жаққа алаңдаумен жүретіні адамға тән табиғи қасиет шығар деп ойлаймын. Сондықтан, біз жыл сайын колледж түлектерінің 70-85 пайызының жұмыспен қамтылуына күш саламыз. Басқа салаға кететіндері де болады, дегенмен, басым бөлігі өздері таңдаған мамандықтары бойынша еңбек етеді, – дейді ол.
Бақытгүл Әбілпейісованың айтуынша, әрдайым санаулы жыл бұрын енгізілген білім берудің дуальды жүйесі де жемісін бере бастады.
–Студенттерді өндіріске баулудың бір амалы дуальды білім жүйесі бойынша өндірістік тәжірибе сағатын арттыру. Бұрын көбінесе теорияға басымдық берілсе, бүгінде керісінше, шамамен 60 пайыз практика, 40 пайыз теория. Теміржол мекемелерінде өндірістік тәжірибеде өздерін жақсы жағынан көрсете білген студент міндетті түрде сол жерге жұмысқа шақырту алады, –дейді ол.
Студенттер тәжірибеден өткенде колледж басшылығы үнемі қадағалап отырады екен. Жұмыс берушілермен кездесіп, оларды жұмысқа тартудың жолын қарастырады. Дипломдық жобаны қорғағанда бірқатар мекеме басшылары арнайы шақыртылады. Бұл да мекеме басшылары үшін көзге түскен студенттерді жұмысқа тарту үшін жасалып отырған бір шара екен.
Жыл сайын колледж «Білім. Жұмыс. Мансап» атты арнайы көрмеге қатысады. Ол жерде де бітірушілер өңірдегі кәсіпорындардың жұмысымен танысып, жұмысқа орналасудың мол мүмкіндігі бар.
Бүгінде колледждің күндізгі бөлімінде 2000-ға тарта жас білім алады. 34 жетім бала тегін білім алады. Оларға әлеуметтік көмектен өзге жұмысқа орналасуда да басымдық беріледі.
Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті