Жанары нұрға, құшағы гүлге толы...

Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп, әлемді жылылық пен әдемілікке бөлейтін сәнді де сұлу мереке келді. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында еңбек ететін жүз мыңнан астам адамның 26 мыңын нәзік жан иелері құрайды.

Жылда компанияның ер азаматтар қауымы осы ару қыз-келіншектерге төл мерекеге орай түрлі сый-сияпат жасауды дәстүрге айналдырған. Биыл да наурыз айы туғаннан мерекелік шаралар басталып, құшақтары гүлге, жанарлары нұрға толған әйел заты көктемдей құлпырып айналаның сәнін кіргізді. Теміржол саласында ер адамдармен жауапкершілікті теңдей арқалаған әйелдердің екі мыңға жуық әйел затының 7 мыңға жуығы қарапайым жұмысшы маман. Соның ішінде 35 әйел «Құрметті теміржолшы» төсбелгісімен марапатталған. Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша компанияның ер азаматтары 7 наурыз күні таңертеңгілік әйелдерді гүлмен қарсы алып, мәжіліс залында оларға арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырмақ. Биыл қыз-келіншектерге мерекеге орай 8 АЕК көлемінде сыйақы берілді.  

6 наурызда «Нұрлы жол» вокзал кешенінде өткен нәзік жан иелерінің «Гүлдер-ай» конкурсы түрлі спорттық және өнер сайыстарына ұласты. 7 наурызда өтетін салтанатты шарада «Темір жол – менің тағдырым» конкурсының жеңімпаздары марапатталады деп күтілуде. Жолаушыларға да мерекелік көңіл күй сыйлау ұмыт қалмады. Вокзалдың күту залында отырған әйелдерге гүл сыйлаған жігіттер қауымы ана туралы әннің ырғағында оларды биге шақырды. Арқалық, Шымкент, Семей, Өскеменге жол жүруге пойыз күтіп отырған жолаушылар бұл ерекше құттықтауға аса риза болып, ана туралы жырды қосыла шырқады... 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды