Жолсыз жерден жол салдық...

Жаңалықтар
07.04.2017, 11:01
Оқуға 2 мин
Сәуірдің 4 күні Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшысы Каспий теңізіндегі көлік инфрақұрылымының дамуымен танысты. Ақтау теңіз солтүстік терминалында Елбасымен бірге Үкімет басшысының бірінші орынбасары Асқар Мамин бастаған топ болды. Каспий теңізіндегі көлік-логистика саласының дамуы мен бағыттары туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаев баяндады. Екі жыл бұрын Елбасы Ақтау теңіз солтүстік терминалының іске қосылуына бастау берген болатын. «Ақтау теңіз порты» АЭА-ның 39,4 гектар алаңында біруақытта 5 000-ға дейін контейнер (TEU) мен 170 000 тоннаға дейін негізгі жүкті сақтауға болады. Заманауи, көп мақсатты терминалдың өндірістік қуаты жылына 3 млн тоннаға дейін негізгі жүкті, оның ішінде, 1,5 млн тоннаға дейін  дәнді-дақылды ауыстырып тиеуге мүмкіндік береді. Жоба құны – 37,5 млрд теңгені құрайды. Қазіргі уақытта терминал астық, металл, контейнерлер мен негізгі жүктерді қабылдап жібереді. Вагондарға жүкті тиеп, оларды түсіреді, кемелерге кешенді қызмет көрсетеді. Бүгінгі таңда кәсіпорында Маңғыстау облысының 190 тұрғыны қызмет етеді. Елбасы Маңғыстау облысының энергетикалық, өнеркәсіптік және көлік-логистикалық әлеуеті зор екенін жеткізді.  – Еуразияның дәл ортасында орналасқан Қазақстан әрдайым құрлықтағы ел болып саналып келді. Бүгінгі таңда біз құрлық ауқымымен шектеліп қалмай, томаға-тұйықтық шеңберін бұздық. Ақтауда заманауи теңіз портын салдық, бейнелеп айтқанда, «жолсыз жерден жол аштық», – деген Елбасы жүйелі дамудың жарқын мысалы ретінде «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев теңіз терминалының қызметімен танысып, оның даму перспективалары туралы кеңінен мағлұмат алды. Қазақстан Президентіне 2020 жылға қарай барлық порттың, соның ішінде Ақтау солтүстік теңіз терминалының қуаттылығын айтарлықтай арттыру жоспарланып отырғаны жөнінде баяндалып,  «Жібек жолы» жүк тиеу кешенінің жұмысы таныстырылды.    Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпорын ұжымымен де кездесіп, әңгімелесті. Салтанатты кездесуге Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Нәжімеден Ғұбашев, «Құрық порты» ЖШС бас директоры Мырзабек Сақтағанов, «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК» АҚ президенті Абай Түрікпенбаев, порт жұмысшы-қызметкерлері  қатысты. –Еңбек нарығындағы тұрақсыздықты жою және аймақ тұрғындарын жұмысқа орналастыруға қолдау көрсету мақсатында Маңғыстау облысының әкімдігімен жасалған «Жаңа серпін» өңірлік бағдарламасының аясында, терминал үшін 27 адам оқытылды. Олардың көбісі біз үшін қажетті мамандықтар – механизатор-док жұмысшылары мен тальмандар. Олар Санкт-Петербург қаласының жанындағы теңіз портында оқытылды, – деп ақпарат берді кадр мәселесіне байланысты «Ақтау Теңіз Солтүстік Терминалы» ЖШС бас директоры Асқар Қарабасов.

 Әсел ТАҢАТАРОВА,

Маңғыстау

Сурет «Ақорда» сайтынан алынды

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті