Дуальдық оқудың тиімділігі 

Жаңалықтар
07.04.2017, 11:15
Оқуға 2 мин
Темір жол саласына бағытталған мамандарды дайындау сапасын жақсарту мақсатында, осыдан бес жыл бұрын «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да дуальдық білім беру жүйесі енгізілген болатын. Қазірде белсенділігін жоймаған бұл жүйенің тиімділігі өз жемісін беруде. Сонымен, «ҚТЖ» ұлттық компаниясында дуальдық білім беру жүйесі жүзеге асырала бастаған уақыттан бері көлік колледждерінің шамамен 460 студенті  ҚТЖ-ның филиалы болып табылатын «Темір жол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы» енгізген дуальдық білім беру жүйесі бойынша білімдерін жетілдіріп, 230-дан астамы Компания филиалдарына жұмысқа тұрды. Бүгінгі таңда дуальдық білім беру жүйесінің тәжірибелік формасын жүзеге асыру шеңберінде М.Тынышбаев атындағы Көлік және коммуникациялар академиясының филиалы болып табылатын Ақмола колледжінде «Темір жол көлігі жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандығы бойынша колледж студенттерінің бір тобы оқудан өтуде. –Бұл мамандық студенттерін оқытудағы бір ерекшелік, олар практикалық дайындықты бағдарламаға сәйкес бірнеше кәсіпорындарда өтеді. Нақтырақ айтсақ, екінші курстан бастап студенттер Астана локомотив депосының, Астана локомотив жөндеу депосының, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Темір жол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығының» мамандандырылған арнайы кабинеттерінде оқып, үйренетін болады. Сабақты тәжірибелі машинист-нұсқаушылар, өндірістік оқыту шеберлері және колледждің оқытушылары жүргізеді, – дейді   Темір жол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығының директоры Марал Марасилов. Студенттерге Қазақстанда шығарылатын теміржол көліктерімен егжей-тегжейлі танысуға жан-жақты жағдай жасалған.  Олар қолданыстағы жаңа KZ, «Evolution»,   сериясындағы локомотивтердің,  Тұлпар-Тальго жолаушылар вагондарының құрылымымен және жөндеу техникасымен толығырақ танысып, жылжымалы құрамдарға қызмет көрсетудің заманауи тәсілдерін игеріп, меңгеруде. «Өндірісте жүргізілген сабақ студенттердің  білім деңгейін арттырып, олардың болашақ мамандығына деген қызығушылығын ұлғайтып, сүйіспеншілігін тереңдетеді. Оны біз жасаған талдау да айқындай түсуде. Яғни, тәжірибелік топтағы білім сапасы, өздерімен қатарлас осы мамандықты игеріп жатқан өзге топқа қарағанда жоғары екенін көрсетті, демек, бұл деген сөз, дуальдық білім беру жүйесінің артықшылығы көп», – деп түйіндейді сөзін Марал Серікұлы. Биыл да оқуды бітірген колледж түлектері, бос орындар болып жатса, Компания кәсіпорындарына жұмысқа орналасады деп күтілуде.

Сұлугүл БАКЕСОВА

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті