Демеушілері – теміржолшылар

Жаңалықтар
07.04.2017, 12:03
Оқуға 2 мин
Облыс орталығындағы Қ.Сарымолдаев атындағы балалар үйін «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Жамбыл магистральдық жол бөлімшесі қанатының астына алған. Сондықтан онда өтетін әрбір шараның басы-қасынан табылатын да теміржолшылар. Жуырда балалар үйінде  «Өз ісінің шебері» атты тәрбиешілер байқауы ұйымдастырылып, оған да Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі демеушілік жасады. Бір тәлімгер және бір жас маман бірлескен байқауда қатысушыларға облыс әкімдігінің білім басқармасына қарасты оқу-әдістемелік кабинетінің тәрбие бөлімінің әдіскері Айжамал Дәулетқұлова,  «ҚТЖ» ҰК» АҚ Жамбыл магистральдық  желі бөлімшесінің бас инженері Жұмағали Урсаров пен  кәсіподақ төрайымы (НЖС-8) Гүлмира Абишева және «Тәрбиеші тәлімі» облыстық педагогикалық журналының бас редакторы Гүлнар Есмаханова төрелік етті. Тәлімгер ретінде жас маманға ұсынылған теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, кәсіптік құзыреттілікті нығайтуға бағытталған байқау барысында әр топ өздерін түрлі қырынан таныта білді. Қазақтың салт-дәстүрлерін дәріптеп, әсем ән мен биден шашу шашқан сайыскерлер назарынан Елорда төрінде өткелі жатқан Халықаралық «Экспо–2017» көрмесі де тыс қалмады. Мәселен, «Жаншуақ» тобы аталмыш көрменің аясында балалар үйіне қажетті  жаңа жобаны қазылар алқасына ұсынып, жоғары бағаға қол жеткізді. Осылайша барлық кезең бойынша сан қырынан танылған педагогтар арасындағы байқаудың бас жүлдесіне «Жалын» тобы лайық деп табылса, жүлделі І орын «Жаншуақ» тобына, ал «Шапағаттың» арулары ІІ орынмен марапатталса, «Жұлдыз» тобы жүлделі ІІІ орынды қанағат етті. Жүлдегерлерге демеушілер атынан бағалы сыйлықтар тарту етілді.

Арсен Байзақ, Тараз

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті