Білімге құштар бойжеткен 

Жаңалықтар
11.04.2017, 16:42
Оқуға 2 мин

 Шымкент жол дистанциясының инженері Ақтолқын Асырауқызы ­– жолшы аталарының ізін жалғап келе жатқан әулеттегі бірінші қыз бала. Арыста өскен бойжеткеннің айтуынша, Жолановтар әулетінің теміржолдағы еңбек өтіліне биыл 117 жыл толады. Түрксіб теміржолының құрылысына тартылғандардың ішінде Ақтолқынның арғы атасы Жолан да болған. Оның ұлы Ізбан қария он бес жылын шойын жолға арнаған. Ал Ізбанның ұлы  Полат 44 жыл Арыстағы жол дистанциясында жол бригадирі болды. Жарты ғасырға жуық жазық даланың ыстығында күнге қақталып, суығына тоңып, Қазақ теміржолының бүгінгі дамуына сүбелі үлесін қосқан жанды арыстықтар жақсы біледі.  Оның ұлы Асырау – Ақтолқынның әкесі.  –  Әкем Асырау 40 жылдан бері Ірілендірілген Арыс жол дистанциясында жол шебері. Алматыдағы М.Тынышбаев атындағы ҚазККА-ның «Жол және жол шаруашылығы» мамандығын бітірдім. Біз оқуға түсерде еңбек өтілі 15 жылдан аса теміржолшылардың ұл-қыздарына аталған академияда тегін оқуға жолдама берді. Солай, әкемнің арқасында менде қатарластарымнан қалмай үлкен қала көріп, білім алдым. Мамандығым өзіме ұнайды. Ауылға барғанда әкемнен білмегенімді сұрап келемін, – дейді еңбек өтілі жетінші жылға айналған жас  Ақтолқын.   Жас маман жолдамамен алғаш еңбек жолын  Көкшетау жол дистанциясында  бастап, дистпетчер болып  үш жыл еңбек еткен.  Одан Астана жол дистанциясында екі жыл біліктілігін арттырыпты.  Соңғы екі жылдан бері  Шымкент жол дистанциясында тәжірибесін шыңдап келеді.    – Міндетім – пойыздардың кідіруі мен жедел тежегіш басу оқиғасы орын алса, жағдайды анықтап, лезде құжаттарын дайындау. Өтпелердегі жол көлік оқиғалары бола қалса, оның себебі мен салдарын біліп, құжат  толтыру. Мәселенің тез шешілуі үшін, әкімшіліктегі және МАИ тәртіп сақшыларымен арадағы құжаттарға жауапты болу, – деген жас маман бұдан да өзге жұмысын тізбелеп берді.  Негізінен техникалық құжаттармен айналысатын өндірістік-техникалық бөлім инженерінің ұсынысы  да бар. Осы сала мамандарын жылына бір рет Астанаға тәжірибе алмасуға және біліктілікті арттыруға шақырып тұрса дейді. Әрине, жанындағы ұстаз тұтқан әріптестері білмегенін үйретудан бас тартқан емес. Дегенмен, техникалық құжаттар жиі өзгеретіндіктен, соның «тілін» тез меңгеру кейде қолды ұстайды екен. Бас қаладағы мамандар жол көрсетіп, жөнге салып тұрса аймақтағылар да уақытын үнемдеп, жұмысын жеңілдетер еді деген пікір айтады білімге құштар бойжеткен.   

Бекәли АЛТЫН,  Шымкент

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті