Жетпіс жылдық тарих таразылануда

Жаңалықтар
11.04.2017, 16:46
Оқуға 2 мин
Бес жыл уақыттан соң қайтадан ашылған «ӘТЖК» АҚ Семей филиалының тарихы тым тереңде. Әр жылдарда білікті мамандар мен тәжірибелі басшылар ұстаханасы болған іргелі мекеменің өткен күндерден шертер естеліктері де мол. Осы ретте филиалдың кәсіподақ ұйымының төрағасы Амантай Қатпенов тұңғыш рет тың бастаманы қолға алып отыр. Бүгінгі таңда төрт бағыт бойынша жылжымалы құрамдар қабылдап аттандыратын Семейдегі әскерилендірілген күзет қызметінің тарихы 1944 жылдың 29 тамызынан басталады екен. Осынау аралықта күрделі де ауқымды қызмет сатыларынан өткен мекеменің абыройлы еңбек жолы бар. Алайда, әр жылдардағы айшықты оқиғалар мерзімдік баспасөз беттерінде там-тұмдап жарық көргенімен осы кезеңге дейін жинақталмапты. Ал осы ретте Амантай Қатпенов мекеме тарихына қатысты жәдігерлер мен түрлі деректерді жинастырып, филиалдың өткен күндерінен сыр шертетін, жетпіс жылдық тарихты таразылайтын  мұражай ашуды қолға алды. Қазіргі күннің өзінде жеке мұрағатында сақтап жүрген тарихи бұйымдарды экспозициялық көрмелерге әзірлеу үстінде. Олардың арасында сонау кеңес дәуірінде, 1984 жылы күллі Одақ бойынша жеңіп алған ауыспалы Қызыл ту, көне фотосуреттерден тұратын ескілікті альбомдар, 1951 жылы жарық көрген «Құрмет кітабы», мекеме ашылған алғашқы жылдары тұтынылған шаруашылық бұйымдары, т.б. заттар бар. Бұдан өзге «Құрметті теміржолшы» және «Үздік күзетші» атағын иеленген сала қызметкерлерінің еңбек және өмір жолдары туралы деректер мол. Қазіргі күні мекеме директорының орынбасары Арай Шаменовпен бірлесіп, мұражай композициясының жалпы мазмұнын пысықтау үстінде.    – «ӘТЖК» АҚ Семей филиалының өткен тарихы да, бүгінгі күні де аса мазмұнды. Айта кетсек, біздің мекемеміз тек соңғы жылдары ғана бес бірдей «Құрметті теміржолшы шыққан кәсіби мамандар ұстаханасы саналады екен. Мұндай озық көрсеткіш республикамыздағы өзге 11 филиалдың бірде-бірінде жоқ. Ал, осынау абыройлы еңбек жолын жаңа толқын мен келергі буынға үлгі ету парызымыз деп білемін. Мақсат – мұражай ашып атақ шығару емес, кейінгі буын тәлім-тәрбие алатын дүние жасау, – дейді тың идеяның бастамашысы Амантай Қатпенов. Аталмыш мекемеде ұзақ жылдар бойғы еңбек өтілі бар ел ағасы кешегі күні алғашқы еңбек жолын қатардағы атқыш қызметінен бастап, қарауыл бастығы, команда бастығы сынды сатылы еңбек жолдарынан өтіпті. Мекеме тарихын, онда қызмет атқарған абырой иелерін де жақсы біледі. Бір бұл емес, жергілікті басылымдарға қалам тербеп, әріптестері мен филиал жұмысы жайлы очерк, танымдық материалдар да беріп тұрады. Қазіргі күні жеті жүздің үстінде штаттық бірлігі бар, «Құрметті теміржолшы» Асхат Искаков жетекшілік ететін мекеменің рухани өміріндегі елеулі жаңалықтың бірі осы.  

Қуаныш Қожаев, Семей    

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті