Зияткерлік меншікті қорғау жайы сөз болды 

Жаңалықтар
14.04.2017, 10:53
Оқуға 2 мин
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Ғылыми-техникалық ақпараттық орталығының кітапханасында «Зияткерлік меншік нысандары және олардың ҚР-да қорғалуы» тақырыбында семинар өтті.     Компанияның бас инженері Батыр Котырев пен компанияның техникалық саясат және реттеу департаментінің директоры Талғат Қанатбаев қатысқан шараға бас қосқандар үшін «Ұлттық Зияткерлік меншік институты» РМК мамандары тақырып аясында баяндама жасады. –Өзекті мәселе көтерілуде. Зияткерлік меншік тақырыбындағы дәстүрлі шараларымыз жалғасуда. Өйткені алдымен авторлық құқықтың қорғалуын қамтамасыз етуіміз керек. Бұл алдағы уақытта өнертапқыштық, инновациялық бастамаларды ынталандыру, қолдау үшін өте қажет. Зияткерлік меншікті қорғау біздің компанияда да – ең басымдық берілетін міндеттердің бірі. Себебі ҚТЖ ғылыми зерттеу және сынақтық құрастыру, технология трансферті жұмыстарын жүргізетіні белгілі. Рационализаторлық қызмет жақсы жүргізіледі, сондықтан біз үшін зияткерлік меншік нәтижесіне қатысты құқықтарды басқару жүйесін құру мәселесі қашан да өзекті, – деді бас инженер. Ұлттық компанияға қарасты зияткерлік меншік саласы – өндіретін өнім мен қызмет бойынша бәсекеге қабілеттілікті арттыруға ықпал ететін маңызды факторлардың бірі. Мәселен, 2016 жылы компанияға авторлық құқық нысандарына құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы 3 куәлік берілді.  Қоғамның зияткерлік меншікті басқару жүйесі оны басқару органдары, осы мәселеге арналған нормативтік құжаттар және ЗМ нысандарын жасаушылардың моральдық стимулы мен материалдық жүйесінен тұрады. Зияткерлік меншіктің құқықтық қорғалуы компания имиджін көтеріп, экономикалық қауіпсіздігі мен беделін сақтауға мүмкіндік береді. Бұл – сондай-ақ инвестиция тартудың өте мықты құралы. Семинарда баяндалған мәселелер «Өндірістік меншік нысандарына арыз беру талаптары», «ҰЗМИ» РМК-мен өзара ақпараттық ынтымақтастық», «Тауарлық белгілер мен өндірістік үлгілерді тіркеуге арызды қарастырудағы кейбір мәселелер», «Өкім шартына сай өндірістік меншік нысандарына құқық беру», «Өндірістік меншік нысаны ретінде тиімді модель және өнертабыс», Өнертабыс пен тиімді модельдерге тапсырыс беру және құрастырудың жалпы талаптары» деген тақырыптарда болды. Теміржолшылар шара соңында семинардың жүйелі өтуіне қолдау білдірген аталған Ұлттық зияткерлік меншік институты ұжымына алғыс білдірді.

Райхан РАХМЕТОВА

Суретті түсірген Алексанжр ЖАБЧУК

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті