Биыл тағы үш маршрутта әйелдер вагоны пайда болады

Жаңалықтар
26.04.2023, 16:18

Былтырдан бері елімізде 154 мың жолаушы әйелдерге арналған вагонда қатынаған, деп хабарлайды Rail-news.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл жөнінде «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының бас директоры Жәнібек Тайжанов БАҚ өкілдерімен өткен брифингте айтты.

«Былтырдан бері жүріп жатқан әйелдер вагоны жобасына жолаушылардан жақсы лебіздер көп түсіп жатыр. Яғни, бес бағыттағы пойыздардың құрамында тек әйел жыныстыларға ғана қызмет көрсетіп, соларды ғана кіргізетін вагондар болды. Осы жоба бізде өте жақсы жүрді. Жолаушылардан мұндай вагондардың санын кеңейтсеңіздер деген өтініш-тілек көп түсті. Биыл сол жобаны тағы да пилоттық режимде жалғастырамыз», – деді ол.

Айтуынша, әйелдер вагоны тағы үш маршруттың пойыздарына жалғанбақ.

«Тағы үш маршрут қосылады. Бұрын Алматы-Маңғыстау, Алматы-Өскемен, Павлодар-Түркістан, Маңғыстау-Семей, Атырау-Астана бағыттарындағы пойыздарда болған еді. Биыл жазда Астана-Алматы, Астана-Шымкент, Алматы-Ақтөбе бағыттарындағы пойыздарда әйелдерге арналған вагондар пайда болады. Былтырдан бері осы әйелдерге арналған вагондармен 154 мыңдай жолаушыны тасымалдадық», – деді Жәнібек Тайжанов.

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды