Әйелдер вагонына сұраныс жоғары

Жаңалықтар
28.04.2023, 11:21
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Жолаушы тасымалы» АҚ-ның соңғы жылдары іске қосқан сервистік жобасының бірі – әйелдерге арналған вагондар. 5 бағыттағы пойыздар құрамында жолаушылары тек әйелдер, тек нәзік жан иелеріне қызмет көрсететін вагондар болды.

Жоба ел ішінде қолдау тауып, мұндай вагондардың санын көбейтуге өтініш-тілек көп түсті. Өткен жылы елімізде 154 мың жолаушы әйелдер осындай ерекше статусы бар вагондар қызметін пайдаланған. Биылғы жылы ұлттық тасымалдаушы сол жобаны тағы да пилоттық режимде жалғастырмақ.  

Яғни, биыл әйелдер вагоны тағы үш маршруттың пойыздарына жалғанбақ. Бұрын Алматы-Маңғыстау, Алматы-Өскемен, Павлодар-Түркістан, Маңғыстау-Семей, Атырау-Астана бағыттарындағы пойыздарда ғана болса, енді әйелдер вагоны Астана-Алматы, Астана-Шымкент, Алматы-Ақтөбе бағыттарындағы пойыздарда да пайда болады.  

Айта кетейік, бүгінгі таңда «Жолаушы тасымалы» АҚ паркінде 2100 астам жолаушылар вагоны бар, оның ішінде 108 электр пойызының вагондары. ҚТЖ жолаушылар вагон паркін жаңарту бойынша мақсатты және кезең-кезеңімен жұмыс жүргізуде. 10 жыл ішінде вагон паркі 50% жаңартылды. 2023 жылы 100 жаңа вагон сатып алу жоспарлануда. Ал 2030 жылға дейін Қазақстан мен Швейцария президенттерінің қатысуымен Женевада өткен инвестициялық дөңгелек үстел барысында қол қойылған "ҚТЖ" ҰК" АҚ мен Stadler арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде тағы 537 жолаушылар вагонын сатып алу көзделген.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті