Алғашқы модульдік санитарлық-тұрмыстық үй "Кедентранссервис" АҚ-ның Қарағанды филиалында орнатылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Ол кран машинистері мен қабылдап өткізушілерге арналған. Модульдік үй сантехникамен, ауа баптағышпен, су жылытқышпен жабдықталған, жылыту, электр қуаты, өрт дабылы жүйесі бар.  Ас үймен жабдықталып, жиһаз орнатылған.  

Жыл соңына дейін осындай тағы үш үй сатып алу жоспарлануда. Бұл еңбекті қорғау және өндірістік персоналдың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту жөніндегі кешенді шаралардың бір бөлігі. Сондай-ақ, жүргізуші құрамы үшін киім ауыстыратын бөлмелері мен душтары бар шаруашылық-тұрмыстық блоктарды жөндеу және салу көзделеді.