Су басқан аймақтар: құтқару жұмыстары жүріп жатыр
Қазақстан аймақтарында көктемнің келуімен су басу қаупі жүріп жатыр. Қазір көптеген елді мекендер топан сумен кұресіп, адамдарды қауіпті аудандардан шығару жұмыстары жүріп жатыр. Оның ішінде, әрине теміржолшылар да бар.
Өткен аптадан бері Семей, Ақтөбе және Қарағанды өңірінің теміржолшылары қызыл су құрсауында қалған аймақ тұрғындарына көмек қолын созып, құтқару жұмыстарына білек сыбана кіріскен. Демалыс күндері «Қарағайлы – Қарағанды» бағдары бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Северный» филиалы тарапынан бөлінген арнайы вагондармен 660 адам қауіпті ауданнан шығарылып, тасымалданған. Сонымен қатар, сол жерге жақын станциялардан жолаушыларды мейлінше көптеп тасуға қала маңы электропойыздары жұмылдырылған. Мәселен, №6857/6858 «Астана – Қарағанды – Астана» бағдарындағы пойызбен 171 адам тасымалданған.
Бүгінде Ақмола облысына қарасты Аршалы ауданында су шаю сияқты төтенше жағдайдың туындауына байланысты Волгодоновка ауылдық округіне қарасты 42 разъезд тұрғындарын көшіру үшін тағы да үш жолаушы вагоны бөлінгенін хабарлап отыр «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.
Ал Ақмола облысының Атбасар ауданында 15 сәуірде су бұзып өткен бөгет телімін қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Су басқан аймақтан 150 адам дін аман шығарылған. Ірілендірілген Атбасар жол дистанциясына қарасты көпір шеберінің көмекшісі Сәбит Ақмаровтың айтуынша, су басқан аймақта теміржолшылардың үйлері де орналасқан екен. Бүгінде сан түрлі қызметтің тізгінін ұстаған атбасарлық теміржолшылар темір жол техникаларымен бірге су басқан аймақ тұрғындарын және олардың заттарын шығарып, тасымалдауға күні-түні тынбай қолғабыс етуде. Апатты жағдайға тап болған теміржолшылар тума-туыстарының үйлерін паналауға мәжбүр болып отыр.
Судың шаюына қарсы шаралар Ақтөбе өңірінде де жүргізілуде. Елек өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан бірқатар саяжайдағы үйлер суға кеткен. 300 адам топан су аймағынан шығарылған.
Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Мағауия Оразқұлов бөлімшеге қарасты темір жолдар бойына күні-түні қатаң бақылау орнатылғанын, су басу қаупі әзірге жоқ екенін айтып отыр. «Қостанай жағынан су қаупі бар деген ақпар алдық, сол облыспен шектесетін Әйке станциясын қадағалап отырдық, бүгінде ешқандай қауіп жоқ. Бөлімшенің оңтүстік аудандарында, Шалқар станциясында көктемгі байқау жұмыстары басталып кетті. Бүгін сол жаққа жолға шыққанбыз. Ал Мұғалжар таулары баурайында қар толық еріп бітпеді. Сондықтан ол телімдерде көктемгі байқау жұмыстары бір аптаға кейін шегерілді» деген бөлімше басшысы Мағауия Амантайұлы бөлімше шекарасындағы су өткелдері мен көпірлер тазартылып, сел-тоңның өтуіне бар жағдай жасалғанын атап өтті.
Қазір ағын сумен күрес Қарағанды облысында да қарқынды жүруде. Қызыл суға қарсы іс-шараларға 600-ден астам адам және 100-ден астам техника жұмылдырылған. Қара Мұрын станциясында 5 сарай маңы аумағын су басып, 25 адам көшірілген.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті