Тынышбаевтануға қосылған үлес

Жаңалықтар
17.05.2023, 15:25
Суреттерді түсірген автор

12 мамыр қазақтан шыққан тұңғыш теміржол инженері Мұхаметжан Тынышбаевтың туған күні. Осыған орай Шымкент көлік колледжінде  ғылыми-конференция өтті.  

Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бәйдібек Атамқұловтың айтуынша, конференцияның мақсаты – «Алашорда» үкіметінің құрылуына өлшеусіз үлес қосқан және жетекшілерінің бірі болған қоғам қайраткерінің өмірі мен қызметі және шығармашылығы жайлы оқытушылдардың арнайы әзірлеген баяндамалары мен зерттеу еңбектерін тыңдап, болашақ теміржолшыларға ұлы тұлғаны тереңірек таныстыру.    

Конференцияда М.Тынышбаевтың кәсіби теміржолшы ретіндегі қызметі туралы «Қазақтан шыққан тұңғыш теміржолшы» тақырыбында Гүлжанат Омарбекова, қоғамдық қызметі жайлы «Даланың жарық жұлдызы» тақырыбында Жадыра Тұйғынбаева, «М.Тынышбаевтың тарихи зерттеулері» тақырыбында Ақжарқын Алдабекова, «М.Тынышбаевтың нақыл сөздері» тақырыбында Гүлзат Утесинова, т.б. ұстаздар баяндама жасап, студенттерге тынышпаевтанудан дәріс өткізді.    

Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару,  Автоматика мен телемеханика, Радиотехника, электромеханика және телекоммуникациялар, Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы, Логистика, Вагондар мен рефрижераторлы жылжымалы құрамды пайдалану, Жөндеу және техникалық қызмет көрсету сияқты 7 мамандықта болашақ теміржолшыларды дайындайтын оқу орнында бүгінде 771 студент білім алады.  Олардың 467-сі мемлекеттік грант негізінде оқиды. Жыл сайын түлектердің 75%-ын жұмыспен қамтыса, 25%-ы Академияда оқуын жалғастырады екен.    

Колледж Оңтүстік өңірде орналасқан теміржол мекемелерімен студенттер өндірісте тәжірибеден өтуге келісімшарт жасасқан. Аталған 7 мамандыққа қосымша машинист көмекшісі мамандарын дайындайтын қысқа мерзімді курс та бар.  

Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды