Экологиялық айлық аясында
Өткен сенбі күні Семей ЖТ теміржолшылары бір кісідей сенбілікке шықты. Жалпы, қала бойынша санитарлық тазалық және көгалдандару шараларын жүргізуге арналған экологиялық екіайлық басталған болатын.
Тазалық жұмыстары тек теміржол мекемелері аумағында ғана емес, қала ішін көктей өтетін желі бойында да жүргізілді. Сала қызметкерлері Семей және Жаңасемей станциялары бойынша желі бойындағы тұрмыстық қалдықтар мен қураған бұталарды шамалы сағаттар ішінде толық тазартып шықты. Шаһар ішіндегі желі бойы көктем мезгілінде жеке тұрғын үй секторларынан шығатын күл-қоқысқа толып қалады. Кішігірім күлтөкпелерді, қоқыс үйінділерін тазартуға біршама күш қажет болды. Бұл ретте қалалық әкімдік бөлген арнайы техникалар да қызмет көрсетті.
Орталықтағы теміржол көпірінен бастап, Қабанбай-2 жол өткеліне дейінгі аралықта Семей жол дистанциясының қызметкерлері сенбілік жүргізді. Аталмыш күрделі аумақ ірі көтерме сауда базарлары, сондай-ақ, жаяу жүргіншілер өткелдері көп болғандықтан ластану мөлшері жоғары.
Аталмыш мәселе жөнінде Семей магистральдық желі бөлімшесінің кадр бөлімінің басшысы Қазбек Қаршығанов та дәл осындай пікір білдіруде.
– НЖС теміржолшылары өз телімімізде жыл сайын көктем мен күз мезгілінде санитарлық тазалық жұмыстарын жүргіземіз. Ағымдағы жылы осынау шараны экологиялық айлықтың жариялануына орай барша қалалықтармен бірге бастадық. Айта кетерлігі, бізге бекітіліп берілген телім бойынша қоқыстан тазарту жұмыстарын ұдайы жүргізуге тура келуде. Тонналап қалдықтар шығарамыз, – дейді пікір бөліскен бөлім басшысы.
Сенбілікке қатысқан, жол, вагон шаруашылығы қызметкерлері мен локомотившілер қызу еңбекке араласып, тау болып үйілген қоқыстар қала шетіндегі полигонға жеткізілді.
Жалпы, экологиялық айлық шаралар екі айға жоспарланған. Сонымен қатар, аталмыш айлық аясында көркейту, көгалдандыру ісі де көзделуде. Биыл да гүлзарлар егуге көңіл бөлінбек.
Сондай-ақ, осынау тазалық айлығы аясында бөлімшесінің бас ғимараты өзгеше көрікке енуде. Сүреңсіз әрі қураған тал-теректер жойылып, нысан қасбеті бұрын-соңды болмаған деңгейде әрленуде.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті