КӘСІБІ БОЙЫНША ҮЗДІК АТАНДЫ

Жаңалықтар
18.04.2017, 12:03
Оқуға 2 мин
Түркіменстан мен Қазақстан шекарасындағы «Болашақ» станциясы Елбасымыздың экономикамызды дамытуға арналған үлкен жобаларының арқасында бой көтерді. Бүгінде заманға сай қалашыққа айналған шекара маңындағы мекен тұрғындарының көпшілігі басым бөлігін теміржолшылар құрайды. Солардың бірі, станциядағы өрт сөндіру пойызының жөндеу шебері Ербол  Бытық еліміз тәуелсіздік алған жылдан бері теміржол саласында жемісті еңбек етіп келеді. Ол ұзақ жылдар бойы түрлі деңгейдегі қарапайым жұмысшы болды. 2005 жылдан 2012 жылға дейін Ақтөбе өртке қарсы қызмет жасағына қарасты Әйтеке би өрт сөндіру пойызында абыройлы жұмыс істеді. 2012 жылы жұмыс бабымен Болашақ өрт сөндіру пойызына  ауысып, бүгінге дейін өз міндетін жауапты да, адал атқарып келеді. «Еңбек етсең емерсің» дегендей, таяуда Ербол Амангелдіұлына «Кәсібі бойынша үздік» атағы берілді. «Болашақ» станциясы бастығының міндетін атқарушы Нұркен Қосымов төсбелгіні салтанатты түрде табыс етіп, әріптестері «Еңбегің жана берсін!»  деп тілек білдірді. Теміржолшылар әулетінен шыққан Ербол Бытық сегіз ағайынды. Оның аға-жеңгелері, апа-жезделері, іні-келіндері, қарындас-күйеулерінің бәрі де «бір терінің пұшпағын илеп», отандық теміржолдың дамуына қал-қадірінше еңбек етіп келеді.  Әкесі Амангелді 25  жыл бойы Сағыз станциясында әскерилендірілген теміржол күзеті бөлімінің басқарған. Бүгінде өмірден өткен  ардагер 1980 жылы «Еңбек Қызыл Ту» орденімен және  «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Анасы Ғалия Хисимова сегіз баланы дүниеге әкелген алтын құрсақты ана. Кезінде Сағыз станциясындағы №8 Азаматтық құрылыс дистанциясында еңбек еткен екен. Келіншегі Фарида шетелдік жүктерді қабылдап-тапсыру агент болып болып еңбек етеді. Ұлы Елубай Амангелдиев өзімен бірге өрт сөндіру пойызында өрт автокөлігінің жүргізушісі болса, қыздары Жұмагүл мен Жайнагүл бірі студент, бірі мектеп оқушысы.

Әсел ТАҢАТАРОВА, Маңғыстау

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті