ҚТЖ-да балалар мерекесі кеңінен атап өтілді

Жаңалықтар
02.06.2023, 12:08
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Халықаралық балаларды қорғау күнін кең көлемде атап өтті. Бір апта бойы ұлттық компания мен оның еншілес мекемелерінде еңбек ететін жүз мыңдаған теміржолшылардың балалары үшін түрлі форматта мерекелік шаралар өтіп, тәттілер таратылды.

1 маусым күні ҚТЖ бас офисінде компания қызметкерлерінің 1-14 жас аралығындағы 4 мыңнан астам балалары жиналып, арнайы дайындалған концертті тамашалады. Сонымен қатар балдырғандарға сабынды көпірік ойыны ұйымдастырылып, интерактивті шаралар да өткізілді. Балаларды түгел қамту үшін бағдарлама 4 кезеңге бөлініп ұсынылды. Таңертең 10:00 – 11:30, 12:00 – 13:30 аралығында өтсе, түстен кейін 14:00 – 15:30 және 16:00 – 17:30 аралығында ұйымдастырылды. Әр бағдарлама ұзақтығы 1,5 сағатты құрайды. Мерекелік бағдарлама компания бас ғимаратының мәжіліс залында өткізіліп, мазмұны заманауи кино кейіпкерлерін сахналау арқылы кішкентай көрермендерге ерекше қызықты болды. Әсіресе, балаларға жақын «Wednesday» кино кейіпкерінің образы мен оның балдырғандарға таныс биі ерекше тартымды болды. Ұйымдастырушылар сиқыр әлеміне де саяхат жасатып, бұл шоуға балалар мен олардың ата-аналарының да қатысуына мүмкіндік берді. Жалпы компанияда 17 жасқа дейінгі балаларға 170 мыңнан астам балаға іс-шаралар ұйымдастырылады.  

Балалар мерекесіне орай биыл «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің барлық бөлімшелерінде «Ашық есік күні» ұйымдастырылғаны да ерекше бастама болды. Өзге уақытта рұқсатсыз баруға болмайтын теміржолдың өндірістік нысандарына барған балалар экскурсия барысында ата-аналарының жұмыс орнында болып, негізгі теміржол мамандықтарымен танысты.  

Еңбек ұжымдарында эмоционалды-мерекелік көңіл күй қалыптастыру мақсатында ҚТЖ көлемінде бастау алған «Жас теміржолшы» челленджіне үн қосуды әрбір ұжым қуана іліп алып кетті. Арнайы теміржолшы формасын киген балақайлар өндіріс орындары мен мұражайларды аралап, теміржолдың алғашқы әліппесімен танысты. Жолшы, вагон қараушы, станция кезекшісі, жолсерік, т.б. формаларын киген кішкентай теміржолшылар суретке түсіп, балмұздаққа тойды. Жалпы, барлық ұжымдарда кәсіподақ ұйымдарының бастамасымен балаларға тәттілер, арнайы дайындалған сыйлықтар табысталды.  

Сондай-ақ, «Қазкөліккәсіп» ҚБ теміржолшылар балалары үшін музейде экскурсия және «Теміржол музейі балалар көзімен» деген тақырыпта балалар арасында сурет байқауын ұйымдастырды. Кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары Бақытжан Қуанышев балаларды мерекемен және жазғы демалыспен құттықтап, оларға естелік сыйлықтар тарту етті.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті