Жарайсыңдар, жолсеріктер! 

Жаңалықтар
21.04.2017, 17:17
Оқуға 3 мин
Пойыздар жалпыхалықтық көлік десек артық айтпаймыз. Жалпы халыққа бірдей қолжетімді темір жол көлігі арқылы күніне мыңдаған адам сапар шегеді. Сондықтан, пойызда дүниеге келіп, кіндігі кесіліп жататын сәбилер біздің елде аз емес. Жуырда сондай бір оқиға ғана «Арқалық-Астана» пойызында да орын алды. «Арқалық-Астана» жолаушылар пойызының бастығы Үмітай Жакишева бастаған жолсеріктер әдеттегідей сәуірдің 12 күні Арқалықтан елордаға сапарға шыққанда  ешқандай төтенше оқиғадан хабар да болмаған. Жолшыбай Атбасардан пойызға мінген жас келіншек те күдік туғыза қоймаған, себебі аяғы ауыр болғанмен, айы-күні жетіп отырмағаны белгілі еді. Бірақ, табиғаттың тосынсыйы таусылған ба... Осымен екінші рет ана болғалы отырған атбасарлық Динара Сұлтанова Астана қаласындағы «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына» медициналық тексеруден өтуге келе жатқан екен. Амал қанша, жеті айға енді толса да аяқ астынан толғақ нышаны байқалып, іші ауырып бастаған келіншек шарасыздықтан жылай бастайды. Сол 9-шы вагонның жолсерігі Асқар Шоманов жайсызданып жатқан келіншекті алдымен байқап, жанындағы жолсерігі Назгүл Махметоваға айтады.  Өзінің 11 жылдық еңбек жолында мұндай оқиғаға алғаш рет тап келген ол бірден  пойыз бастығына хабар береді. Ал тәжірибелі Үмітай Жакишева еш саспастан бірден  іске кіріседі. Медицинадан хабары бар пойыз бастығы дереу келіп келіншектің жағдайын қарап көріп, жақын станциядағы жедел жәрдемді шақыртады. Әрі қарай пойызды тоқтатпай, жедел-жәрдемді де күтпестен кез келген жағдайға дайын болу үшін іске кіріседі.  – Бұрын медицина саласында қызмет еткенмін, тәжірибем бар. Былтыр да  Сарыағаш пойызында бір әйелді босандырып алғам. Медициналық қобдишамда этиль спирті мен залаласыздандырылған дәке, тағы басқа керек-жарақ міндетті түрде болады. Бұл жолы да таза төсек-орын, жаялықтарды дайындап, қам жасап дайын тұрдық. Келіншекке қолдан келгенше жағдай жасап, бар ақыл-кеңесімізді айтып, жедел жәрдемге жетпей босанып қалуы мүмкін екенін сезген соң, амал қанша ана мен бала өмірін сақтау үшін жанымызды салдық. Пойыз Жайнақ станциясына жеткенде бірінен соң бірі  егіз қыз дүниеге келді. Кіп-кішкентай, қызылшақа шараналар, көрер жарығы бар болса адам болып кетер деген үміттеміз, -дейді жол үстінде туылған бірнеше балаға кіндік шеше болып үлгерген   Үмітай Жакишева. Пойыз Астанаға келіп тоқтаған соң, жас босанған ана мен оның сәбилерін перронда күтіп тұрған «Жедел жәрдем» көлігіне отырғызған соң ғана жолсеріктер бригадасы еркін дем алыпты. Міне, жолаушы қызметінде өз міндеттерін мінсіз атқарумен қатар  адам өмірі шешілетін ситуациялық сәттерде тығырықтан жол тауып, дәрігердің де рөлін атқарып, талай балаға кіндік шеше болып жүрген осындай жолсеріктердің еңбегін «Жолаушылар тасымалы» АҚ ескерсе екен дейміз.

Жансая ШЫҢҒЫСХАНҚЫЗЫ

Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті