Жүк пойыздары да кестемен жүреді

Жаңалықтар
21.04.2017, 17:20
Оқуға 2 мин
Қандыағаш станциясы көрсеткішті алдыңғы жылдардан әлдеқайда жақсартты. Алайда, Құрылымдық өзгерістерге байланысты станция жыл сайын сұрыптау станциялары арасында өтетін салалық байқауға қатыса алмайтын болған. Соңғы жылдары модернизацияланған дөңес паркінің жұмысы да ойдағыдай жүріп кетті. Бейнеу – Жезқазған арасына жол төселгелі жаңа бағытқа пойыздар сұрыптала бастапты. –Жезқазғанға тәулігіне бір пойыз жиналады. Жүк жан-жақтан жеткізіледі. Жаңа тармақ бойынша бір пойыз құрамын күнделікті жөнелтіп отырамыз, - дейді Нұрибай Сәрсенов. Станция басшысының айтуынша, өткен жылдармен салыстырғанда пойыз саны да көбейіп отыр. Бүгінде жолаушылар пойыздарының қозғалысына қатысты айлық өтіп жатыр. –Жалпы, жолаушылар пойыздарының қозғалысына қатты көңіл бөлініп, осы бағыттағы жұмыстар күшейтілуде. Қандыағаш станциясы бойынша кемшілік жоқ. Дегенмен, айлық шара аясында барлық жолаушылар пойыздарының қозғалысына, олардың қалыпты жүруіне айырықша мән беріліп жатыр. Көлік саласына жауапты тәртіп сақшылары да атсалысып келеді,- дейді станция басшысы. Станцияда санитарлық тазалық айлығы да қатар қолға алынған. Аты айтып тұрғандай, бұл уақыт аралығында қар кетіп, жер қарая бастағанда, айналаны тазарту жұмыстарына, жалпы, станция нысандарында да бірқатар шараларға мән берілмек. –Соңғы уақытта енгізілген жаңашылдықтардың бірі – жүк пойыздарының да уақытпен қозғалуы. Мәселен, бұрын пойыз құрамы жасақталға жолға шығаратынбыз. Бүгінде басым бөлігі нақты уақытпен жүретін болды. Жүзге шаққанда сексен пайызы белгіленген уақытта жолға шығады. Машинистер де, станция қызметкерлері де нақты уақытқа дағдыланды, - дейді Нұрибай Сәрсенов. Таяу уақытта Қандыағаш станциясының қапталымен «Орал - Астана» бағытындағы «Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызы өткелі жатыр. Ол пойыз Ақтөбеден келе жатып Қандыағашты жанап өтіп, Никельтау станциясына бір-ақ тоқтайды.

Асқар Ақтілеу, Қандыағаш

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті