Отардан Шілбастауға дейін...

Жаңалықтар
25.04.2017, 09:58
Оқуға 2 мин
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде  Алматы-1 – Шу желісінде екінші іске қосу кешені бойынша екінші жолдарды салып жатқан құрылысшылары алғашқы жеңістеріне қол жеткізді. Ұзындығы 25 шақырымнан асып жығылатын Отар – Шілбастау аралығы толығымен екі жолды болды. Бүгінгі таңда қолданысқа беріліп отырған Отардан Шілбастауға дейінгі аралық Алматы – Шу екінші жолдарының екінші іске қосу кешенінің бірінші телімі болып саналады. Оның маңызы зор, өйткені ол Алматы мен Жамбыл жүк тасымалы  бөлімшелері арасындағы түйіспе орналасқан Отар телімдік станциясынан өтеді. Пойыздар айырылысқан кезде жолдарда артық аялдамалар болмауы үшін  оның кіреберісі сенімді жұмыс істеуі керек. Сол себепті осы 25 километр осы телімдік станцияның  сенімді қорғаны болмақ. Соңғы негізгі жұмыстар №3916 блок-қосынында екі жақты қақпақта үлкен технологиялық «толаскез» кезінде жүргізілді. 11 сағат 20 минутта  қозғалыс шаруашылығы мамандары тақ жолда №3-ші Астана – Алматы бағытындағы «Тальго» жүрдек пойызын өткізіп, жұп және тақ жолдар бойынша екі бағытта қозғалысты толығымен жапты. Сөйтіп, желі толығымен құрылысшылар мен пайдаланушылар қарамағына толықтай беріліп, олар өз кезегінде шапшаң және жұмыла жұмысқа кірісті. Екі бағыттағыш бұрма бөлшектеніп алынды. Жұп жолда жатқан стрелкалардың орнына  темір-бетонды шпалдар мен отандық рельстерден тұратын жаңа жол салынды. Үш сағаттық толаскезден соң жұп жол пойыздар қозғалысы  ашылды. Кешке қарай тақ жолда да жол жұмыстары аяқталды. Бәрі де берілген сұлбаға сай жүзеге асты, яғни бағыттағыш бұрманы бөлшектеу, шағыл тас төсеу, балластау, түзету, т.т. Түннің бір уақытына дейін қолданыстағы жолдың салмақ түсетін және байланыс сымын алмастыру жұмыстары орындалды. Бұдан соң таң алдында, дәлірек айтсақ, таңғы сағат 5-те үш тепловозды жұмылдыра отырып, СОБ құрылғыларын тексеру жұмыстарына кірісу жоспарланған болатын. Алайда, күтпеген жерден жаңбыр жауды. Бірақ, құрыштай қайнаған құрылысшылар алған беттерінен қайтпай, түнімен жұмыс істеп, межелі жоспарды орындап шығуға атсалысты. Ал екінші күні бесінде телімде екі бағыт бойынша қозғалыс ашылды. Ерте көктемде бірінші телімнің берілгеніне  ардагер-теміржолшы Қалтай Сәмбетов оң баға берді. Ол алдағы қыркүйек айына дейін Алматы мен Отар арасындағы барлық жол бойында екінші іске қосу кешені бойынша жұмыстардың толығымен аяқталатынына сенім білдірді. Ендеше, барлық желі бойында  жолаушылар пойызы сенімді және кедергісіз жүріп тұратын болады. Бүгінде бұл телімде 35 жұп қатынауда. 

Дина ЖАЙЫҚ 

Ирина БЕКТИЯРОВА

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті