Жолаушыларға жеңілдік көп...
Жаңалықтар
25.04.2017, 10:08
Еліміз үшін биылғы жылдың басты жаңалығы халықаралық Экспо көрмесінің өтуі болмақ. Қазақстанның жаһан жұрты алдындағы абырой-беделін айқындайтын айтулы шараға дайындық теміржолда да жүріп жатыр. Мәселен, Маңғыстаудан жаңа пойыз жолға шықпақ. Осы және өзге де жаңалықтар, алдағы жұмыс жоспарлары жөнінде бізге «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жолаушылар тасымалы» АҚ Маңғыстау телімінің басшысы Мұратбай Көпенов айтып берді.
─ Биыл, «Эскпо-2017» халықаралық көрмесі қарсаңында алғаш рет Маңғыстау өңіріне маусым айының 1-нен бастап «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған жаңа пойыз бағдарын ашу жоспарланып отыр. Бұл үш ай жетісіне екі рет жүретін болады, яғни, маусым айының 1-нен бастап қыркүйек айының 10-на дейінгі аралықта. Бұл бұрынғы «Тальго» вагондарындай емес, кеңейтілген, ішінде барлық жағдайы жасалған соңғы үлгідегі вагондардан құралған құрам. «Маңғыстау-Астана» бағытындағы №37/38 жолаушылар пойызы тақ күндері жүретін болса, ашылғалы отырған «Тұлпар-Тальго» пойызы жұп күндері жүреді. Сонда бізде Астана бағытына қарай күнделікті пойыз жүретін болады. Қазіргі жоспарымыз бойынша жұп күндері 840 жолаушы, ал тақ күндері 1144 жолаушы тасымалданбақ. Тағы бір айта кетерлігі, «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Эспо-2017» көрмесінің 500 мың билетін сатып алдық. Сол билеттерді әрбір жолаушыға 50 пайыздық жеңілдікпен ұсынып отырмыз. Бұл біздің «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның ресми касcаларында ғана, жекеменшік кассаларда мұндай жеңілдіктер жүрмейді. Яғни, сіз Атырау, Ақтөбе, Астана, Алматы, қай бағытқа болсын бізден билет сатып алсаңыз, билетке қосымша Экспо билетін жеңілдікпен сатып ала аласыз. Сондай-ақ, бізде «Тұлпар-Тальго» пойызына дисконттық карталар да бар. Оның өзі 10 мың теңге тұрады. Осы картаны сатып алсаңыз, кез келген «Тальго» пойызына 15 пайыз жеңілдікпен билет сатып алуыңызға болады. Ол картамен бірге «Экспо» көрмесін тамашалауға мүмкіндік беретін бір премиум билет сыйға тартылады. Аталған дисконттық картаны Астана, Алматы-1, Алматы-2, Карағанды, Актөбе, Шымкент, Тараз, Өскемен, Атырау, Орал, Маңғыстау, Павлодар, Петропавл, Кызылорда, Костанай, Семей және тағы басқа да қалалардың темір жол кассаларынан сатып алуға болады.
─ Жаңадан іске қосылғалы отырған «Тұлпар-Тальго» пойызы уақытша, үш ай мерзімге жүреді ме? Сонда «Экспо» көрмесі біткеннен кейін бұл пойыз қатынауын тоқтата ма?
─ Ол жағын әзірге нақты айта алмаймын. Құрамның жолаушымен қамтылуына, аймақ сұранысына байланысты. «Маңғыстау-Астана» бағытында жүрмесе, Маңғыстау-Алматы пойызының орнына жіберу туралы да жоспар бар. Эксподан кейін болмаса да, келесі жылы бұл пойыз қайтадан қолданысқа енетіндігі сөзсіз. Себебі, 2018 жылы ескі пойыздардың бәрін тоқтатып, Маңғыстау мен Алматының ортасында тек «Тұлпар-Тальго» пойыздары жүреді деген жоспар бар. Тағы бір жаңалығымыз, «Маңғыстау-Түркменбашы» дейтін жаңа пойыз шығаруды жоспарлап отырмыз. Қазір оны дамыту сатылары қарастырылуда. Маңғыстаудан Түркменстанға дейінгі жол 1087 км құрайды. Бәрін есептеп қойдық. Соның төрт вагонын аптасына үш-төрт реттен Болашақ станциясы арқылы тікелей Түркменстанға жүргізу жоспары бар. Өздеріңіз білесіздер, көптеген вагондарды жаңарттық. Қазір біздерде жүрдек пойыздардан басқа, Маңғыстау-Ақтөбе пойызының өзінде Ресейдің «Тверь» зауытынан шыққан жаңа вагондарымыз бар. Украинаның «Крюков» зауытынан шыққан вагондарымыздың жайлылығы да көпшіліктің көңілінен шығып отыр.
─ Жолаушы тасымалын қамтамасыз ететін вагондар саны жеткілікті дейсіз ғой?
─ Әрине, жеткілікті. Бүгінгі таңда Маңғыстау телімінде Маңғыстау-Ақтөбе, Маңғыстау-Алматы, Маңғыстау-Астана бағдарларына жолаушыларды тасымалдайтын 154 вагонымыз бар. Одан басқа үш бағытта – Мәскеу, Астрахань және Нөкіске жүретін тіркемелі вагондарымыз бар. 500-ге жуық қызметкер жұмыс істейді. Билет сататын бес кассамыз Опорный, Бейнеу, Шетпе, Маңғыстау, Өзен станцияларында орналасқан. Маңғыстау өңірінде 14 пойыз бастығы және 14 пойыз бригадасы бар. Жыл сайын бұлардың арасында «Үздік пойыз бригадасы» байқауы ұйымдастырылады. 2016 жылдың қорытындысы бойынша біздің №309-310 Маңғыстау-Ақтөбе пойызында жүретін пойыз бастығы Тимур Әлмұратовтың бригадасы «Үздік пойыз бригадасы» байқауының жеңімпазы болды. Мұны айтып отырғандағы себебім, жеңістің арқасында оларға үш ай бойы 60 мың теңгеден сыйлықақы берілетін болады.
Қазақстан бойынша бес фирмалық пойыздың біреуі Маңғыстау өңірінде. «Маңғышлақ-Астана» бағытындағы №37/38 жолаушылар пойызының ерекшелігі - мұндағы вагондар жаңа төсек-орын жабдықтары, столдарға арналған жаймалар, кілемшелер, киімге арналған ілгіштер, қосымша гигиеналық құралдар сынды жоғары сапалы керек-жарақтармен қамтамасыз етілген. Фирмалық пойыздың қызметтер тізіміне, қазіргі қолданыстағыдан бөлек, төмендегідей қызмет түрлері кірген: жолаушыларды пойызға электрондық билет (жолаушыларды отырғызуға автоматтандырылған бақылау) арқылы отырғызу, бейнемониторлар арқылы бағдарламаларды (купелік және СВ вагондарда) тарату, жолаушыларға гигиеналық топтамаларды, ойындарды, жаңа газет-журналдарды ұсыну және мұздатқыш пен тамақ жылытатын қысқа толқынды пештер бар.
Пойыз Украинаның «Крюков вагон құрылысы зауытында» шығарылған вагондардан құралған. Олардың барлығы жолаушылар вагондарының барлық талаптары мен стандарттарына сәйкес келеді. Жылжымалы құрам мүмкіндігі шектеулі азаматтарды пойызға отырғызу және түсіруге арналған арнайы құрылғылармен жабдықталып, вакуумды дәретханалармен, жылыту жүйелерімен және ауа тазарту жүйесімен қамтамасыз етілген.
Бұған қоса, Батыс Қазақстан өңірі бойынша жалғыз бізде «Маңғыстау-Мәскеу» тіркемелі вагоны бар. Одан бөлек, Мемлекетаралық байланысқа шығатын бағыт Маңғыстаудан Астраханьға жұп күндері екі купе, екі плацкарт - төрт вагон жүреді. Аймақта оралман бауырларымыз көп. Сол үшін көрші мемлекетке қатынайтын Маңғыстау-Нөкіс дейтін үш плацкарт тіркемелі вагонымыз бар. Бұл вагондар Маңғыстаудан аптасына төрт рет, яғни дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және сенбі күндері жүреді. Айта берсек, жаңалық көп. Мысалы, бұрын бізде тек ескі парк болды. Қазір төрт жолдан тұратын, әр жолдың сыйымдылығы 12 вагонға арналған жаңа парк салынды. Бүгінгі күні осы парк арқылы бір күнде 4-5 пойыз қабылдауға мүмкіндігіміз бар.
─ Түсінікті. Көрме билеттеріне қайта оралсақ, оны сатып алуда қандай да бір жеңілдіктер бар ма?
─ Негізі, Экспо көрмесіне арналған билеттер - белгілі бір күні қойылған, жұмыс күндеріне арналған билет, күні қойылмаған жұмыс күндеріне арналған билет, күні қойылмаған демалыс күндеріне арналған билет деген үш түрге бөлінеді. Бірақ, қай билетті сатып алсаңыз да, 50 пайыздық жеңілдік жойылмайды. Бұл тұрғыда вокзалдың ішіндегі ресми кассаларда жарнамалық жапсырмаларымыз тұр. Халық түсінсін, білсін деген мақсатта мұндай жарнамалар жергілікті телеарнаға да берілді.
Көрмеге Маңғыстау өңірінен 65 мың адам барады екен. Ал, жалпылама түрде айтулы шараны 115 елден 5 млн. адам тамашалайтын көрінеді. Біз қазір 500 мың билет алғанмен, оларды сатсақ, тағы соншама билетті алып сатуға ешқандай шектеу жоқ. Бұл халыққа жасалған жеңілдік, ұсыныс қана
─ Ақпаратыңыз үшін рахмет.
Әсел ТАҢАТАРОВА,
Маңғыстау
Жолаушылар тасымалы
24.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда танымал туристік бағыттарға 20% жеңілдік ұсынады
Әлемде
24.06.2026
Stadler мен ARST әлемдегі алғашқы тар табанды коммерциялық сутегі пойызын таныстырды
Жаңалықтар
24.06.2026
Көлік полицейлері «Нұрлы жол» вокзалында мерекелік концерт ұйымдастырды
Әлеумет
24.06.2026
Семейлік теміржолшылардың балалары Бурабайға жол тартты
Жүк тасымалы
24.06.2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы рекордтық көрсеткішке жетті
Жаңалықтар
24.06.2026
Мемлекет басшысының Бельгияға сапары аясында көлік саласында жаңа келісімдер жасалды
Жаңалықтар
24.06.2026
Ақтау порты 7 метрге дейін тереңдетіледі
Әлеумет
23.06.2026
Ұжымдық шарт игілігі: Теміржолшылар демалыс кезінде шипажайларға жеңілдікпен жолдама алады
Аймақтар
23.06.2026
Сыр өңірінде жүк тасымалы жаңа деңгейге көтерілді
ҚТЖ келбеті
23.06.2026
Семейлік инженер халықаралық тәжірибе жинақтады
Станция тынысы
23.06.2026
Махаббат станциясы
Спорт
23.06.2026
Қызылордалық теміржолшылар ракетка шеберлерін анықтады
Спорт
23.06.2026
Жамбылдық теміржолшылар бильярдтан Кәсіподақ кубогін сарапқа салды
Жаңалықтар / Мұрағат
23.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №48 23 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
22.06.2026
Қазақстанның көлік саласына инвестициялар
Жаңалықтар
22.06.2026
Брюссельде Еуропа мен Азия арасындағы негізгі маршруттың болашағы талқылануда
Жаңалықтар
22.06.2026
ҚМГ мен ҚТЖ мұнай өнімдерінің логистикасына цифрлық бақылау енгізді
Инфрақұрылым
22.06.2026
Талдықорған теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
22.06.2026
ҚТЖ халықаралық көлік дәліздері үшін LTE-R бірыңғай цифрлық желісін құрады
Қауіпсіздік
22.06.2026
Теміржолшылар төтенше жағдайға қаншалықты дайын?