ҚТЖ-да бірінші жартыжылдық қорытындыланды

Жаңалықтар
21.07.2023, 09:35
Оқуға 2 мин

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да бірінші жартыжылдықтың қорытындысын шығару және 2023 жыл екінші жартыжылдығының негізгі міндеттерін айқындау бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Өткен жылдың ұқсас кезеңіне қатысты негізгі өндірістік көрсеткіштерді орындаудың оң динамикасы атап өтілді. Ағымдағы жылдың 6 айында тарифтік жүк айналымы 130,4 млрд т-км неттоны құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 8,6%-ке жоғары. Транзиттік жүк айналымы 39,1%-ке өсіп, 27,8 млрд тонна-километр неттоға жетті. Контейнерлік транзит 26%-ке өсті. Қазақстаннан Қытайға экспорттық жүктерді тасымалдаудың өсімі  қамтамасыз етілді. Көлемі 5,7 млн тоннадан асты. Бұл өткен жылғы деңгейден 27%-ке артық. Жолаушылар айналымы 5,7 млрд жолаушы-км құраса, бұл 2022 жылғы фактіден 1,2% жоғары.

Есепті кезеңде шамамен 600 км темір жол жөнделді, бұл өткен жылғы кезеңнен 100 км артық. 2023 жылы жөндеу жұмыстарының барлық түрімен 1 126 км магистральді сауықтыру жоспарлануда. Достық – Мойынты учаскесінде екінші жолдардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

Жылжымалы құрам паркін жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілді. 36 локомотив, 48 фитингтік платформа және 14 жолаушылар вагоны сатып алынды. Жыл соңына дейін тағы 139 локомотив, 620 жүк және 50 жолаушылар вагоны жеткізіледі деп күтілуде.

Отырыста қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбекті қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қозғалыс қауіпсіздігін бұзғаны үшін тиісті тәртіптік жаза қолданылып, жауапты басшылар лауазымынан босатылды. Өндірістік қауіпсіздіктің нашарлауы алаңдаушылық тудырып отыр. Анықталған ескертулерді жою, өндірістік жарақаттануды азайту, сондай-ақ санитарлық-тұрмыстық еңбек жағдайларын жақсарту бойынша шұғыл шаралар қабылдау қажеттілігі атап өтілді.

Қозғалыс жұмысын күшейту, жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту, тастап кетілген пойыздар санын азайту бойынша тапсырмалар берілді. Күзгі-қысқы кезеңде әлеуметтік маңызы бар жүктерді (астық, көмір) тасымалдауға сапалы және шаруашылықтарды қысқа дайындау жөніндегі іс-шараларды уақтылы орындауға баса назар аударылды.

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті