Білім жетілдіруге ден қойды

Жаңалықтар
25.04.2017, 12:22
Оқуға 2 мин
Теміржолшылардың білім-білігін арттыруға «Қызылорда жүк тасымалы» бөлімшесі басшылығы мен персоналды басқару бөлімі көп көңіл бөліп келеді. Аймақ теміржолшылары түрлі технологиялық оқу орталықтарына білім жетілдіріп, ірі өндіріс ошақтарында тәжірибе алмасып, біліктілігін шыңдау үшін бұл бағытта Ұлттық компания тарапынан ұйымдастырылатын шараларға қатысуына мүмкіндік жасау – бөлімшенің кадр бөлімі мамандарының жауапкершілігінде. Бөлімшенің персоналды басқару бөлімінің маманы Шәмшагүл Алпысбаеваның айтуынша, жылдың алғашқы тоқсанында жеті теміржолшы осындай орталықтарда біліктілігін арттырып келген. Оқу мерзімі  мамандардың квалификациясына қарай әр түрлі болып келеді екен. – Жалпы білім жетілдіру курстарына мамандарды жөнелту үшін біздер ұсыныс әзірлейміз. Ұсыныстар Ұлттық компания мамандары тарапынан мақұлданғанда теміржолшылар оқу орталықтарына жіберіледі.  Мамандардың білімінің талапқа сай болуы үшін оны үнемі назарда ұстап, білім жетілдіру курстарына жіберіп отырамыз. Жыл басынан бергі үш ай ішінде бөлімше бойынша 7 теміржолшы осындай түрлі курстан өтіп келді. Олардың арасында 2 оператор мен 1 жүк және багаж қабылдаушы Тараз қаласындағы оқу орталығында оқып келсе, 4 станция кезекшісі Ақтөбе темір жол көлігі қызметкерлерін оқыту орталығында үш айлық курста оқып жатыр. Биылғы жылы білім жетілдіру шараларында басты назар өңірдің Сексеуіл – Қоскөл телімінде жұмыс жасайтын теміржолшыларға бөлінуде, – дейді персоналды басқару бөлімі маманы Шәмшәгүл Алпысбаева. Аймақ теміржолшылары Ақтөбе және Тараз қалаларындағы теміржол көлігі қызметкерлерін оқыту орталығында, Астана қаласындағы Көліктегі технология орталықта біліктілігін шыңдауда. Қазіргі таңда Тараз қаласындағы оқу орталығында тағы 2 пойыз құрастырушы оқып, білім жетілдіруде екен. Алдағы сәуір айында да тағы 2 пойыз құрастырушы Ақтөбе қаласындағы теміржол көлігі қызметкерлерін оқыту орталығына барып білімін шыңдамақ.  –Биылғы жылы теміржолшылардың білімін жетілдіруге бұрынғыдан да зор көңіл бөлінуде. Жан-жаққа білім жетілдіру курстарына жіберуден бөлек, қазіргі таңда әр мекеменің өзінде де білім жетілдіру, тәжірибе байыту жұмыстары техникалық бөлім мамандары тарапынан  жүргізілуде, – дейді персоналды басқару бөлімінің маманы.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті