Қауіпсіздік шаралары күшейтілуде

Жаңалықтар
28.04.2017, 15:06
Оқуға 2 мин
Жылдың алғашқы тоқсанында «Қызылорда жүк тасымалы» бөлімшесіне қарасты болатжолшылар 16 көрсеткіштің тек біреуін ғана межесіне толық жеткізе алмаған. Ол 52,66 тонна болып межеленіп, 52,15 тоннамен жалпы есепте 99,0 пайызға орындалған жүк тиелген вагондардың динамикалық жүктемесі болатын. Үш айда «Қызылорда жүк тасымалы» бөлімшесі бойынша пойыздық және маневрлік жұмыс кезінде ақау орын алмаған. Және де осы аралықта бір мәрте жұмыстағы қиыншылықтар (үстіміздегі жылдың ақпан айының 20-сында Қоскөл – Жезқазған учаскесінің Қарсақпай станциясында тепловоз машинисі УКСПС құрылғысының іске қосылып «Дабыл-2» белгісі берілгенін аңғарып қызметтік тежегішті басуға мәжбүр болған екен. Нәтижесінде иесіз жылқы малы жылжымалы құрамға басылған) орын алған. Қараөзек – Қызылорда перегонында №618 жолаушылар пойызының астына адам басылып бір рет қауіпсіздікті бұзушылықтың өзге де жағдайы орын алған. Қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылу жағдайлары өткен 2016 жылдың үш айында 4 мәрте орын алса, биыл 2 рет орын алып отыр. Бөлімше бойынша өткен үш айда жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтау мақсатында бірнеше арнайы шаралар ұйымдастырылып, оған теміржолшылар жұмылдырылыпты. Өткен айларда жіберілген олқылықтардың орны толтырылып, олардың қайталамаудың алдын алып пысықтау инструктаждары өткізіліпті. Қауіпсіздік бөлімі мамандары күнделікті бөлімше бойынша қозғалыс қауіпсіздігіне тікелей қатысты жайттарды сарапқа салып, тосын жағдайлардың екінші мәрте қайталанбауы үшін керекті шаралардың орындалуына жұмыс жасауда. –Сала бойынша өткізіліп жатқан акциялар аясында бөлімшедегі диспетчерлік шеңберлерде және техкабинеттерде арнайы техникалық сабақтар өткізілуде. Сонымен қатар бөлімшеден тыс телімдер бойын аралап әрбір станциядағы теміржолшылармен пысықтау инструктаждарын өткізіп, олардың тәжірибесін арттыруға күш салудамыз. Мәселен, Жаңақорған станциясында «абайлаңыз тежегіш!» тақырыбында, Жезқазған станциясында «орын алған ақаулықты қайталамау» мақсатында Төретам, Тереңөзек және Жосалы станцияларында техникалық сабақтар өткізілді. Және де қазіргі таңда бөлімше телімдерінен өтіп жатқан жолаушылар пойыздарының техникалық жағдайын тексеріп, анықтау бойынша рейд ұйымдастырылуда, – дейді бөлім басшысы Бекжан Өтеулиев.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті