Әріптесін құтқарып қалды
Біздің кейіпкерлерімізді бейбіт күннің батырлары деуге толық негіз бар. Олар қаскөйдің қолынан әріптестерін құтқарып қалды. Бірі – Александр Тушалиев Жамбыл вагон пайдалану депосында вагон қараушы болып 16 жыл еңбек етіп келеді. Ал екіншісі Жамбыл станциясының белгі берушісі Мақсұт Жорақұлов. Ал оқиға қалай болған еді?
Кешкілік жұмыс орнында отырған Жамбыл станциясының парк кезекшісі Қошаеваны баса көктеп кіріп келген жас жігіт, қолындағы пышағын себепсіз оңды-солды сермеп, жарақаттай бастайды. Барынша қарсылық танытып, сытылып шыққан ол әріптестерін көмекке шақырып үлгереді. Осы кезде парк басында жүрген Александр Тушалиев пен Мақсұт Жорақұлов көмекке келіп, күдіктіні қолға түсіреді.
– Кезекті жұмыс ауысымының соңы болатын. 14 жолға жүк пойызын тоқтатып, қарап шықтым. Кешкілік сағат 20.15-те үйге қайтуға қамданып жатқан едім. Осы уақытта «Құтқарыңдар! Құтқарыңдар!» деген әйел даусын естідім. Байқасам парк кезекшісі Қошаевның даусына ұқсайды. Төртінші бекетке жақындағанымда әріптесіннің қолы және мойны қан болып, жарақат алғанын байқадым. Бұл кезде оның жанына Әскериленген темір жол күзетінің сарбазы келіп, алғашқы көмек көрсетіп жатыр екен. Бізде жеттік. «Мені пышақтап кетті. Оны ұстаңдар!» деді ол. Мен осында келе жатқанда жанымнан қолына шәйнек ұстаған жас жігіт өткен болатын. Оны машинистің көмекшісі деп ойладым. Сөйтсем, әріптесіме пышақ жұмсаған қаскөй сол екен. Жедел оны ұстауға ұмтылдым. Ол шәйнектегі ыстық суды шашып, қолындағы пышағымен ары-бері сермеп қарсылық танытып қаша жөнелді. Осы кезде маған Жамбыл станциясының белгі берушісі Мақсұт Жорақұлов көмекке келген еді. Жедел жұмыс орныма келіп, қолыма балға алып қуа жөнелдік. Бұл кезде күдікті 14-жолда тұрған вагондардың астынан өтіп, ізін суытпақ болды. Сөйтіп, 19-жолға қарай қаша жөнелді. Осы сәтте Мақсұт қолындағы балғамен күдіктінің қолындағы пышақты қағып түсірді. Мен жедел оны ұстап, Әскериленген темір жол күзетінің сарбаздары келгенше ұстап тұрдым. Күдікті жас жігіт, масаң күйде болды. Ал оның осындай әрекетке не үшін барғанын түсінбедім, – дейді Александр. «Шындығында әріптестеріміз көзсіз ерлікке барып отыр. Құдай сақтады. Олар да жарақат алуы мүмкін еді ғой. Күдіктінің ойында не болғаны белгісіз? Сондықтан, жедел көмекке келген екі жігіттің әрекетін ерлікке балар едім. Жақында екі жігітті ЖТ-Жамбыл жол бөлімшесінің директоры Берік Ақшалов қабылдап, сый-сияпат жасады. Енді күдіктіні қолға түсіруде азаматтық жасаған жігіттерді марапаттау үшін облыстық ішкі істер департаментіне ұсыныс жасап отырмыз. Ал белгілі болғаны күдікті 1996 жылы туған жас жігіт екен. Бүгінде Жамбыл станциясындағы желілік ішкі істер басқармасында қамақта отыр. Іс тергелуде. Ол өзінің әрекетін сүйіктісімен ұрысып қалғанымен түсіндіруде. Оқиға кезінде жарақат алған Жамбыл станциясының парк кезекшісі Қошаевның жағдайы жақсы. Медициналық бақылауда. Біз қолдан келген көмегімізді жасап отырмыз» – дейді Жамбыл жол бөлімшесінің Бас инженері Асылхан Тайлақбаев.
Ерман Әбдиев, Жамбыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті