Ғасыр жасаған теміржолшы
Соғыс және еңбек ардагері, қандыағаштық теміржолшы Артем Проскурня 100 жасқа толды. Отыз жылдан астам уақыт Қандыағаш байланыс және белгі беру дистанциясында еңбек еткен қарияның ғасырлық тойына Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің басшылығы арнайы барды.
Артем ақсақал тың, денсаулығы жақсы. Қандыағаштағы мейрамханаға өз аяғымен келді. Мерейтой иесін құттықтауға жергілікті билік өкілдері, теміржолшылар қауымы көп жиналды. Дастархан басында ақ тілектер ақтарылып, сый-сыяпат жауды. Ақтөбе жол бөлімшесі басшылығы да өз кезегінде қарияға шапан жауып, кәсіподақ комитеті мен Алға станциясының басшылары, Қандыағаш жол дистанциясының өкілдері жүрекжарды тілектерін білдірді. Аға буын теміржолшы өкілін Мұғалжар ауданының басшысы Ербол Данағұлов облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың атынан құттықтап, сыйлығын табыстады.
Ақсақалдың айтуынша, 1917 жылы дүниеге келген Артем жастайынан жетім қалып, анасының туыстары бауырларына басады. Мұғалжар мен Алға аудандарында өскен. 20 жасында Түркіменстан жеріне Орта Азиялық әскери округіне әскерге шақырылып, отан алдындағы борышын өтейді.
1941 жылы қараша айында ол Мәскеу түбін қорғау үшін құрылған 11-Красноярский полкіне танк жүргізушісі сапына қабылданады. Өзінің білгірлігімен, батылдығымен көзге түскен жас сарбаз одан кейін де көптеген шайқастарға қатысып, Польша шекарасына дейінгі көптеген ұрыстарға қатысып, жау қолында қалған қалаларды азат етуге атсалысады. Окоптар қазып, құпия нысандарды қорғаған. Старшина ретінде соғыс шебіне талай жасты дайындықтан өткізеді. Тұтқындарды конвоймен жеткізіп отырады. Ұлы Жеңіс күнін Проскурня Белоруссияның батысында Польшамен шекарада қарсы алады.
Майданнан оралған соң Артем Проскурня теміржолда еңбек етіп, жұбайы Таисиямен екеуі Валентина, Любовь, Галина есімді үш қыз тәрбиелеп өсіреді. Бүгінде жүзге келген қария қыздары мен немерелерінің қамқорлығында, таза ауада серуендеп, теледидардан күнделікті жаңалықтарды қарайды, көркем фильмдерді жақсы көретінін жасырмайды.
Асқар Ақтілеу, Қандыағаш
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті